• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:53:50
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 NEWS

Путин Назарбаевтың бойындағы таңғаларлық қасиетті айтты

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың өз айналасына өте тиімді адамдарды жинай алатын қасиетін атап өтті.

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың өз айналасына өте тиімді адамдарды жинай алатын қасиетін атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин Ресей президенті Владимир Путиннен сұхбат алды.

"Шынымды айтсам, Нұрсұлтан Әбішұлының бойында мені үнемі таңғалдыратын әрі қуантатын қасиет бар, ол тамаша мансап жолын кеңес заманында-ақ жасады. Бұл қасиет - кеңестік дәуірден өтсе де, әрдайым болашаққа ұмтылуы. Бұл таңғалдырарлық қасиет", - деді Путин сұхбат барысында.

"Ол, біріншіден, айналасына тиімді, жас адамдарды жинай алады, өзі мықты адамдармен қатар тұруға ешқашан қорыққан емес. Бұл кез келген мықты басшының қасиеті", - деді ресейлік лидер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір