• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:37:16
Алматы
+35°

22 Қазан, 2017 NEWS

Путин Назарбаевты дипломатиялық қатынастың 25 жылдығымен құттықтады

РФ Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан назарбаевтың атына жедел хат жолдады.

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамуын, оның ішінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы жетістіктерді ерекше атап өтті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kremlin.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

РФ Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жедел хат жолдады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,  біздің елдердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ширек ғасыр аралығында Ресей мен Қазақстан халқының достығы мен сыйластығының арқасында екі ел арасында стратегиялық серіктестікті, одақтастықты жоғарғы деңгейге жеткіздік», — делінген  хабарламада.  

Сонымен бірге Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен табыс тіледі.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір