• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:32:06
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017

Продюсер Айқын мен Жұлдыздың қарым-қатанысы туралы айтып берді

"Если честно..." бағдарламасында әнші мен КешYou тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали көңіл жарастырды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді

Әнші Айқын Төлепбергеннің продюсері Ерік Тастамбеков "Гәкку" арнасындағы Тимур Балымбетов жүргізетін "Если честно..." бағдарламасында әнші мен КешYou тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали көңіл жарастырды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен онымен (Айқынмен - Авт.) осы тақырыпта әңгімелестім. Мен бұл жаңалықты тіпті одан емес, Баяннан естідім (Мақсатқызы- Авт.), сосын мен Айқынға телефон соқтым, ол телефонын көтермеді, кейін телефонды мен осы жаңалықты естіп қойғандықтан көтермегенін айтты. Баян маған былай деді: Сенің "балаларың" менің жобамды құртқаны үшін рақмет саған". Дәурен Айдарқұлов өте жақсы жігіт, құрметтеймін. Дәуреннің жағдайы түсінікті, ал Баян маған Айқын туралы айтып жатыр. Мен түсінбей қалдым. Білесіз бе, мен оларға баға бергім келмейді, жақсы немесе жаман демеймін. Бұл олардың сезімі, өз өмірлері, сондықтан өздері бұдан өтуі тиіс. Бұл жағдайда ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін анықтап беретін ереже жоқ. Біреу дұрыс дейді, біреу бұрыс дейді. Айқынмен осы жайлы әңгімелестім, оған бұл жағдайдан ең болмағанда материалдық тұрғыда ешкім зардап шекпесін дегенді, жауапкершілікті ұмытпауы керектігін айттым", - деді Ерік Тастамбеков. 

 Еске салайық, Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің қосылғаны жайлы қауесеттер қазнетте тарап кеткен видеодан кейін шыға бастаған. Биылғы мамырда Айқынның Жұлдызды ұзатып, көтеріп алып бара жатқан сәті түсірген видео жарияланған. Содан жұрт оларды көңіл қосты, отау тікті деп болжады. Алайда Айқынның өзі де, Жұлдыз Өмірғали де бұл мәселеде тіс жарып айтпады. "Біреудің жеке өміріне араласу дұрыс емес" деп қысқа қайырған еді әнші.

Ал таяуда ғана Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтқан болатын.  Айтуынша, біздің елде екі әйел алуды көпшілік қолдамайды. "Екі әйелді ала ма, алып үлгермей ме, ол жағын білмеймін. Әркімнің өз таңдауы болады. Екі әйел алу дегенде, біз араб елі емеспіз, мұсылман елі болсақ та, ондай бізде не приветствуется", - деген еді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір