• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:16:53
+35°

08 Наурыз, 2018 NEWS

Президенттің үндеуі – жастардың ең түйіткілді мәселелеріне кешенді жауап

Бүгін Астана қаласында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» қолдау бойынша жастар форумы өтті

 

Бүгін Астана қаласында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» қолдау бойынша жастар форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агратехникалық университетімен бірлесіп өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Серік Сәпиев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агратехникалық университеті» АҚ-ның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Абдыров Айтжан, республикалық жастар ұйымдарының мен жоғары оқу орындарының жастардың өзін-өзі басқару органдарының жетекшілері қатысты.

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов форум қатысушыларына құттықтау сөз арнап, Елбасының бастамаларын әрқайсысына тоқталып, түсіндіріп кетті.

«Жастардың ең өзекті және маңызды мәселелері - білім алу, жұмысқа орналасу, баспаналы болу. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жастарды алаңдататын басты мәселелерге кешенді жауап», - деді Абзал Нүкенов.

А.Нүкеновтің айтуынша, жатақханалар құрылысын салуға жастардың өздерін тарту мәселесі қаралуда. Бұл бір уақытта жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешеді.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы туралы өз ойымен  олимпиада чемпионы Серік Сәпиевте бөлісті.

С. Сәпиевтің сөзінше сайлаушылардың 70% өтініштері  баспана мәселесі болып отырғанын айтуда. Сонымен қатар, қоғамда жиналған мәселелерін шешуде Елбасының үндеуі ерекше маңызды екендігін атап өтті.

Серік Сәпиев жастарға: «ел игілігі үшін оқыңдар, еңбек етіңдер, бұның бәрі қолдан келеді» деп сенімін артты.

Сондай-ақ, Форум барысында жастар ұйымдарының көшбасшылары өз ойларымен бөлісті. Мәселен, Қазақстан студенттері Альянсінің көшбасышысы Илияс Түстікбаев студенттер атынан Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ел Президентінің Бес әлеуметтік бастамаларын іске асыру бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір