• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:45:24
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2018 NEWS

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына қатысты республикалық телекөпір өтті

«Qazaqstan» ұлттық арнасында «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына» арналған республикалық телекөпір болып өтті

«Qazaqstan» ұлттық арнасында «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына» арналған республикалық телекөпір болып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың жол картасы әзірленеді Хаменова: Елбасының бастамалары - әлеумет пен әлеуетті көтерер оңды бағыт Елбасының жариялаған 5 әлеуметтік бастамасы қоғамда үлкен қолдауға ие болып, қызу талқыланып жатыр. Әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Президенттің үндеуі мен халықтың осы бастамаларға қолдауы Ұлттық арнаның арнайы телекөпір өткізуіне арқау болды.

Телекөпірге  еліміздің Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы облыстарының әкімдері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова,  Бекмырза Еламанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев және қоғам қайраткерлері қатысып, өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.  «Бес бастама халықтың көкейінде жүрген мәселелерді қозғады деп есептейміз. Себебі, бастаманың бесеуі де халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, деңгейін көтеруге бағытталған. Бұл мәселелер депутаттық сауал ретінде де Парламент палаталарында көтеріліп келген. Бірақ, Елбасы бұл бастамалар бар дайындықтан, зерттеулері мен қаржылық қамтамасыз етуден өткізіліп, мезгілі келген кезде айтылып отырған мәселе екенін айтып өтті. Халық оны жақсы қабылдап жатыр», - деді телекөпір басында сенатор Бекмырза Еламанов.

«Нұр Отан» партиясының атынан сөз сөйлеген бас партияның хатшысы Тамара Дүйсенова Елбасының жылдағы жолдауларында әлеуметтік мәселе басты мақсаттардың бірі болғанын атап көрсетті. «Биылғы бес әлеуметтік бастама сол жолдауларда көрсетілген бағыттардың жалғасы деп айтуға болады. Сондықтан, қазір біздің 1 миллионнан астам «Нұр Отан» партиясының негізгі мүшелерінің барлығы бұл бастамаларды толық қолдайтынын жеткізіп жатыр», - деді ол.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевтың пайымдауынша, ең бастысы, Елбасы жастарға деген көңілдің маңызды екендігін алға тартқан. Жастарға деген қамқорлығын көрсеткен. «Біздің жастарға мүмкіншіліктердің арттыру жолдарын қарастырып отыр. Өйткені олардың көбісінің, жасыратыны жоқ грантқа қолжетімділігі тапшы болып отыр. Сондықтан бұл үлкен қамқор, бұл жастарымыздың болашағына үлкен үміт артатын Елбасының саясаты», - деді мәжілісмен.

Бес бастамада халықтың әлеуметтік мәселелеріне баса ден қойылғаны белгілі. Осы тұрғыда сөз сөйлеген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев ауылда тұрып жатқан азаматтар, әсіресе жұмыссыз жүргендер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып  жүрген азаматтар өз табыс көзін тапқысы келетінін айтады. «Сондықтан осы бағдарламамен берілетін несие жеңілдетілген, өйткені 6% пайызбен беріледі. Ешқандай екінші деңгейдегі банктер немесе қаржылық ұйымдар бұндай аз пайызбен несие беріп жатқан жоқ. Бұл бағдарлама ауылдағы адамдарға өте үлкен көмек», - деді ол. Президенттің бес бастамасына жастар қалай қарайды? Бұл сұраққа телекөпір барысында «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев жауап беріп, ал өз кезегінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осы жобаның кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті дамытуға ықпалы туралы сөз қозғады. Телекөпір барысында ел аймақтарымен тікелей байланыс орнатылып, өңір басшыларының да пікірі тыңдалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір