• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:47:41
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2018 NEWS

Президенттік көпсайыс бойынша «Оңтүстік» қолбасшылығының біріншілігі өтті

Аталған көпсайыс жеке құрамның дене даярлығын көтеру, олардың спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 2018 жылға арналған XVI Спартакиада ережесінің талаптарына сәйкес Ұлттық ұланның Алматы қаласында орналасқан 3650 әскери бөлімінің базасында қысқы Президенттік көпсайыс бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне жеке - командалық жарыс өткізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ОҚО

Аталған көпсайыс жеке құрамның дене даярлығын көтеру, олардың спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізілді.

ОҚО

10 шақырымдағы шаңғы жарысы және белтемірге тартылу бойынша ортасынан оқ бойы озық шыққан 5571 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасы техникалық қамтамасыз ету взводының маманы қатардағы Трубкин Владимир Иванович, пневматикалық мылтықтан ату бойынша мергендерді шаң қаптырған 3650 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының маман жүргізушісі қатардағы Тарасов Павел Викторович жеңімпаздарға лайық медаль және дипломдармен марапатталды.

ОҚО

Президенттік көпсайыс бойынша жеке біріншілікте жеңімпаз болған қатардағы Тарасов В.И. өз әскери бөлімінің бірінші орынға шығуына жол ашты. Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаз болған 5571 әскери бөлімі қолбасшының атынан ауыспалы кубокпен және екінші, үшінші орындарды өзара бөліскен 3650, 6506 әскери бөлімдері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ОҚО

Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінің штаттан тыс тілшісі,

кіші сержант Гүлназ Дүйсембинова

Алматы қаласы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір