• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:53:53
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Тарих

Президенттер өміріне қатысты 2017 жылғы қызықты оқиғалар

Коста-Рика президенті Луис Гильермо Солис Ривера тілшілерге сұхбат беріп тұрып, ұшып жүрген араны жеп қойды.

Әлем бойынша оқылымы ең  жоғары ақпарат - кез келген елдегі президенттің тағдырына, оның өміріне қатысты оқиға. Әрине, әлемде қанша мемлекет болса, сонша басшысы бары анық. Сондықтан барлығын түгендеп шығу мүмкін емес. Дегенмен ел тізгінін ұстаған біраз жандарға қатысты азды-көпті ақпарат беруді жөн көрдік. 

- Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2012 жылғы сайлау алды науқанын қаржыландыруға байланысты "Бигмалион" ісі бойынша сот алдында жауап берді. Тергеу жұмыстары барысында анықталғандай ол пайдалануы тиіс €22,5 млн қаржының орнына €40 млн ақша жұмсаған. 

- Эстония президенті Керсти Кальюлайд алаяқтардың құрбанына айналды. Алаяқтар оның қызметтік банк картасын бұзып, америкалық Ross Stores дүкенінде 2,8 мың еуроға сауда жасаған. 

- Францияда ел президенті Франсуа Олланд сөз сөйлеп тұрғанда полицияның мылтығы байқаусызда атылып кетіп, оқ даяшы мен бір қызметкерге тиді. 

- Ал хакерлер осы президенттің Facebook аккаунтын бұзып, оның парақшасына 7 мамырға белгіленген «Франсуа Олландтың отставкаға кетуі құрметіне ұйымдастырылған кеш» атты іс-шараға шақыру жариялаған. 

- Бразилияның Федералды жоғарғы сотының судьясы Эдсон Факин жемқорлық фактісі бойынша күдікке алынған ел президенті Мишел Темердің үстінен қылмыстық іс қозғауға рұқсат берді. 

- Коста-Рика президенті Луис Гильермо Солис Ривера тілшілерге сұхбат беріп тұрып, ұшып жүрген араны жеп қойды. 

- Қытай компартиясының 19-съезінің шешіміне сәйкес Си Цзиньпин ҚКП ОК бас хатшысы болып қайта сайланды. 

- Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Ресей президенті Владимир Путинді өткен туған күнімен құттықтап, оған «Верный» деген алабай күшігін сыйға тартты. 

- C-SPAN зерттеу дерегі бойынша америкалық тарихшылар Барак Обаманы АҚШ президенттерінің рейтингінде 12-орынға лайық деп тапты. Бір қызығы көшбасшылар рейтингі бойынша Дональд Трамп ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Ол АҚШ президенттері арасындағы соңғы 70 жыл ішіндегі ең танымал емес мемлекет басшысы деген атқа ие болды. 

- Үкімет әскері өкілдерінің киімдерін киген 50-ге жуық содыр Филиппин президенті Родриго Дутертенің күзеті мен екі автокөлікке оқ жаудырды. Шабуыл барысында жеті әскери қызметкер жарақат алды. 

- АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон үлкен және кіші Джордж Буштарға орнатылған ескерткіштердің жанында суретке түсті. Екі Буштың арасынан сығалап тұрған Клинтонның бейнесі БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. 

- Сауд Арабиясының королі Сальман тақ мұрагерін ауыстырды, енді Мухаммед бен Наифтың орнына 31 жастағы өзінің ұлы Мухаммед бен Сальман тағайындалды. 

- Самарқандта Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев қатысты. 

- Вашингтонда қырғызстандық азамат АҚШ президенті Авраам Линкольннің мемориалына есімін ойып жазған. Оқиға 2017 жылдың 8 қыркүйегінде болды. 

- АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон былтырғы президенттік науқан туралы мемуарларын жарыққа шығарды. Кітап "What Happened?" («Не жағдай болды?») деп аталады. 

- Италияның Болонья қаласына барған Рим папасы Францисконың келуі құрметіне жайылған қайырымдылық дастарханы кезінде қауіпті қылмыскер саналатын екі Неаполь тумасы қашып кеткен. Түскі асқа мыңдаған адам шақырылған. Шара соңында түрме бақылаушылары қылмыскерлердің қашып кеткендігін анықтады. 

- Француз Полинезиясы аралына аттанған АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама өзінен кейінгі сайланған президент Дональд Трамптың саясатына көңілі толмайтынын білдіріп, елдің саяси өміріне қайта оралатынын айтты. 

- «Харви» дауылынан зардап шеккен Колледж-Стейшен қаласында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Оған АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джимми Картер, Билл Клинтон, үлкен Джордж Буш және оның ұлы кіші Буш, сондай-ақ Барак Обама қатысты. 

- Зимбабве президенті Роберт Мугабе отставкаға кеткеннен кейін әлемдегі ең қарт мемлекет басшысы ретінде Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета таңдалды. Ол 91 жаста. Екінші орында 90 жастағы Тунис президенті Беджи Каид әс-Себси. Үшінші орында Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әс-Сабах тұр. Оның жасы 88-де. Одан кейінгі орындарда Камерун президенті Поль Бийя (84), Ливан президенті Мишель Аун (84), Жапония императоры Акихито (83), Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз (81) тұр. 

- Украина Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл жайлы журналистерге Украинаның бас прокуроры Юрий Луценко мәлім етті. 

- Үлкен Джордж Буш АҚШ-тың көзі тірі бұрынғы президенттері арасындағы ең қарт экс-президент атанып, Америка тарихында өз рекордын орнатты. 

- Бразилия президенті Мишел Темерге урологиялық ауруына байланысты жасалған ота сәтті өтті.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір