Президент жариялаған тұрғын үй бағдарламасы тиімді ме? Есептейік

Президент жариялаған тұрғын үй бағдарламасы тиімді ме? Есептейік
Ⓒfinancialexpress.com

Ән-күй музыка сайты

Бүгін ҚР Парламентінің біріккен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етуші әр қазақстандық тұрғын үйді жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын өсіммен ала алатынын айтты. Елбасы таныстырған «7-20-25» бағдарламасында қарапайым халыққа қолжетімді бағада үй алу мәселесі қарастырылған.

– Жұмыс істейтін әр азамат несиеге пәтер сатып ала алатындай тетіктерді қарастыруымыз қажет. Мен «7-20-25» деген жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынамын. Еңбек етуші әр қазақстандық мынадай шарттармен тұрғын үйді қарызға ала алады: сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей жылына 14-16 пайыз емес, 7 пайыздан аспайды. Қазір банктер бастапқы жарнаға 30, кейде 50 пайызын сұраса, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна мөлшері 20 пайыздан аспауы керек. Несие 10-15 жылға емес, 25 жылға беріледі, - деп түсіндірді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасын таныстырған соң ел арасында «7 пайыздық өсіммен үй алғанда оның үстемақшасы, алғашқы жарнасы, артық төлемі қанша болады?» деген сұрақтар туындады. Әлеуметтік желіде өз есебін ұсынғандар да көп.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі экономист Мақсат Халыққа хабарласып, көптің көкейіндегі сауалға жауап алды. Мысалы, құны шамамен 10 миллиондық пәтерді ипотекаға алсаңыз, оның есебі былай болады:

Жылдық мөлшерлемесі: 7 %

Алғашқы жарна: 2 000 000 теңге (20%)

Ипотека сомасы: 8 000 000 теңге

Қайтару мерзімі: 25 жыл (300 ай)

Ай сайынғы төлем: 56 500 теңге

Бүкіл шығыны: 18 962 701 теңге

Артық төлем: 8 962 701 теңге

Экономист 7 пайызбен үй алу бұрын-соңды болмағанын және халыққа ол тиімді екенін айтады.

- Бұрын үйге төмен пайызбен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы ғана несие берілетін. Жалпы банктердегі ипотеканы осындай төмен пайызға түсіретін болсақ, бұл ипотекалық үй алуды жеңілдетеді. Өйткені 10 миллионның пәтерін 25 жылға алсаңыз, оның айлық төлемі 55 мың теңгенің шамасында ғана болып тұр. Ол әлдеқайда қолайлы. Бұған дейін ипотекалық несие ары кетсе 20 жылға берілетін. Жалақыңыз 200 мың теңге шамасында болуы керек еді. Оның көбінің қалтасы көтере алмайтын. Ал мынау халыққа тиімді. Бірге бір төленеді. Артық төлем – 90 пайыз.

Банктердің бұған дейінгі беріп жатқан ипотекалық пайыздарын 25 жылға шағатын болсақ, 10 миллион теңгеге алатын үйіңізді екі еселеп төлеуші едіңіз. Бір үй емес, тіпті, екі үй алатындай үйдің ақшасын үстемелеп төлеуіңізге тура келетін. Көп банктер 12-15 пайызбен беретін.

Бұл жерде ескеретін бір мәселе бар. 7 пайыз дегеніміз ол тиімді пайыздық мөлшерлеме болуы керек. Банктерге сондай талап қою керек. Егер атаулы пайыздық мөлшерлеме жасап қойса, онда оның ешқандай пайдасы жоқ.

Пайыздық мөлшерлеменің екі түрі болады. Олар: атаулы және тиімді.  

Тиімді пайыздық мөлшерлеме  – нақты пайыздың анық көрсеткіші. Жылына қанша қосылатынын көрсетеді. Ал көптеген банктер жарнама жасағанда адамдарды шақыру үшін атаулы пайызын көрсетіп қояды. Ал тиімді пайыздық көрсеткіші әлдеқайда жоғары болып тұрады.

Елбасы солай айтса, тиімді пайыздық мөлшерлеме 7 пайыздан аспасын деп банктерге талап қойған жөн. Сонда халық үшін ол тиімді болар еді

Егер сіз 7 пайызбен он миллионға үй алғыңыз келсе, сіздің жалақы мөлшеріңіз 100 мың теңгенің үстінде болуы қажет. Бұрын жалақыңыз 200 мың теңгеден асса ғана ипотекаға үй ала алатынсыз, - деді экономист.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    Артық төлем – 90 пайыз./////////////// ОСЫ АРЗАН БА?! ЖАПОНИЯ ҮЙ АЛУ ҮШІН 0.08% АЛ ГЕРМАНИЯДА 1%-БЕН КРЕДИТ БЕРІЛЕДІ. БІЗДІҢ ЕЛДЕ 10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҮЙ АЛСАҢ 19 МИЛЛИОН ҒЫП ҚАЙТАРАСЫҢ, ОСЫНЫҢ ТИІМДІ ДЕП ТҰРСЫҢДАР МА?!

    • 3 ай бұрын

      Ол көрсеткіштерге де жетерміз. Әзірге осы бастаманың өзі үлкен олжа халық үшін.

    • 3 ай бұрын

      Жапония мен Германияны біздің елмен салыстырудың өзі ақымақтық. Біз Тәуелсіздік алғанымызға небәрі 30 жылға да толмаған жас мемлекетпіз. жаңа мүмкіндіктер мен дамудың жаңа сатысына бағыт алып келеміз.аз уақытта қаншама жетістікке жеттік. мысық құсап көз жұмып отыра бермей, барды бар деп айтқан жөн

    • 3 ай бұрын

      @Фарида дұрыс айтасыз. Москвада бірден тұрмаған тәуекел жетерміз

    • 3 ай бұрын

      @Тұрсынай сөз тапқанға қолқа жоқ! осы пікіріңіз өте орынды

  • 3 ай бұрын

    Qiziq eken. Uy on million tenge bolsa qalay ipotecaliq soma on eki million bolmaq. 2 mln ne ushin qosilip otir. 10-2 teng 8 qaliw kerek. Endi osi segizdi eseptey otira shiqeatini bilaysha boliw kerek emes pe: 25 jil 300 ayga teng. Bir jilgha 7procentten qalghan 8mln/300ay shamamen 27 000 tg sosin qosiw 7prosent ay sayin 27000 tg'ning 7*procenti shamamen 1900tg osini qosamiz 27000 mingha teng 28 900tg cobeytiw 300ay sayin sonda shighiw kerek basqa soma 8 700 000 boladi eken qosiw alghashqi 2mln 10 700 000. Bulay boluw mumkin emes tim az.

    • 3 ай бұрын

      өләәә не деп кеттің өзің бір нәрсе түсіндіңба

  • 3 ай бұрын

    Камшы кошермес бурын бир есептеу керек едиии.....

    • 3 ай бұрын

      ненің есебіне жете алмай жатырсыз???

    • 3 ай бұрын

      есептеп барып жариялаған болулары керек

    • 3 ай бұрын

      @Калинин Ассалаумсғалейкум қазақ елі. Оқып отырсам халық санасуда олда дұрыс келісемін. Қарапайым халық әлі далада журғой әр кімнің есігін паналап, бөтен біреуге бергенше мемлекеттке берсін үй өзінде қалады. Бұл бағдарлама халыққа тиімді деп ойлаймын. Үкімет осы бағдарламаны жемқорсыз атқарса халық оғанда жетеді.

    • 3 ай бұрын

      @Калинин Алға

1
Алтайда дауыл кезінде жоғалып кеткен 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
24/06 17:19 0 836
2
Неке жарамды болуы үшін...
24/06 14:54 0 463
3
Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды
24/06 14:03 0 4605
Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
24/06 13:27 0 234
Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды
24/06 12:24 0 407

Таныстырылғандар

Қытай инвесторлары Қазақстан кәсіпорындарына қанша қаржы құяды?
Қытай инвесторлары Қазақстан кәсіпорындарына қанша қаржы құяды?
Қытай инвесторлары Қазақстан кәсіпорындарына қанша қаржы құяды?
Қазақстан-қытай ынтымақтастығының арқасында алюминий өндірісі де дамитын болады.
10/06/2018 19:24 0 497
Мәскеуде көз жұмған студенттің анасы тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты
Мәскеуде көз жұмған студенттің анасы тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты
Мәскеуде көз жұмған студенттің анасы тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты
Куәгерлер алғашында марқұмды жанында тұрған дағыстандық жігіттің итеріп жібергенін көргенін айтқанымен, тергеу кезінде сөздерінен айнып кеткен.
13/06/2018 11:20 1 1077
Ақышев екінші дәрежелі банктердің жағдайы туралы айтып берді
Ақышев екінші дәрежелі банктердің жағдайы туралы айтып берді
Ақышев екінші дәрежелі банктердің жағдайы туралы айтып берді
Эксимбанк, Банк Астана және Qazaq Bank-і үлкен қиындықтарды өткеріп жатыр, сондықтан банктің клиенттер алдындағы мiндеттемелердi орындау уақытша шектелді.
14/06/2018 15:56 0 1254
Ұлттық банк теңге құлдырайды деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк теңге құлдырайды деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк теңге құлдырайды деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады
ҰБ мәліметінше, жылдық инфляция арнаулы дәліз ішінде төмендеп жатыр.
17/06/2018 10:54 0 1646
Теңге күрт әлсіреді
Теңге күрт әлсіреді
Теңге күрт әлсіреді
Айырбас орындарында доллар 334-340 теңгеге бағаланып отыр.
18/06/2018 12:56 0 751
Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК вице-президенттерімен кездесті
Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК вице-президенттерімен кездесті
Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК вице-президенттерімен кездесті
Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартудың негізгі бағыттары талқыланды.
18/06/2018 17:43 0 318
«7-20-25» бағдарламасының шарттары жарияланды
«7-20-25» бағдарламасының шарттары жарияланды
«7-20-25» бағдарламасының шарттары жарияланды
Бағдарлама «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде әзірленді.
19/06/2018 10:34 30 2920
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Еуро – 394,9-396,9 теңге, рубль – 5,37-5,42 теңге.
20/06/2018 16:20 0 451
Шымкенттің бюджеті 183 млрд теңгеге ұлғаяды
Шымкенттің бюджеті 183 млрд теңгеге ұлғаяды
Шымкенттің бюджеті 183 млрд теңгеге ұлғаяды
Қалада жаңа 55 мектеп салынады. Қалада жыл сайын 10 мыңға жуық сәби дүниеге келеді.
21/06/2018 10:54 0 412
Елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту көзделеді - Данияр Ақышев
Елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту көзделеді - Данияр Ақышев
Елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту көзделеді - Данияр Ақышев
Заң жобасында ақшаны елден әкету белгілері бар валюталық операциялардың тізбесін енгізу арқылы елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту көзделеді.
21/06/2018 11:48 0 351
"Салымшы салымды мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды"
"Салымшы салымды мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды"
"Салымшы салымды мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды"
Данияр Ақышев жинақ салымдарын енгізу туралы айтып берді.
21/06/2018 13:45 0 624
7-20-25: Заңнамалық түзетулер қабылданса, банктер кредиттер бере бастайды
7-20-25: Заңнамалық түзетулер қабылданса, банктер кредиттер бере бастайды
7-20-25: Заңнамалық түзетулер қабылданса, банктер кредиттер бере бастайды
Д. Ақышевтың айтуынша, заңнамалық түзетулер қабылданған жағдайда, банктер халыққа жақын арада кредиттер бере бастайды.
21/06/2018 14:37 21 675
Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
Себебі былтыр жазда да дәл осындай жағдай болған. Сонда естеріңізде болса, теңге бағамы 340 теңгеге дейін әлсіреп, кейін қайта 320 теңгеге дейін нығайды
21/06/2018 16:38 0 888
Апта қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы  әлсіреді
Апта қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы әлсіреді
Апта қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы әлсіреді
Осыған дейінгі саудада доллар бағамы 340,11 теңге болатын.
22/06/2018 16:04 0 521
Түркістан облысы Мақтарал ауданында жаңа спорт алаңы ашылды
Түркістан облысы Мақтарал ауданында жаңа спорт алаңы ашылды
Түркістан облысы Мақтарал ауданында жаңа спорт алаңы ашылды
Мақтарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елді мекенінде Сейдақов Есенгелді Мұстапаұлы атындағы спорт алаңының ашылу салтанаты болып өтті
23/06/2018 09:47 0 360