• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:29:14
Алматы
+35°

12 Маусым, 2018 NEWS

Президент сыйлығының иегерлері 4 миллионнан алады — Әбдіқалықова

Президент сыйлығы үздік екі журналиске, тағы екі грант 36 жасқа толмаған журналиске тапсырылады. Ал Елбасының алғысы 4 шығармашылық ұжымға беріледі.

Ақордада бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттің сыйлықтары, гранттары мен алғыс хаттарын тапсыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мәжілісіке ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы отандық журналистиканы дамыту мәселесіне зор мән береді. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Президенттің журналистерге арналған сыйлықтары мен гранттары - осындай қолдаудың айқын көрінісі. 2018 жыл Қазақстан үшін айтулы оқиғамен басталды. Біздің ел тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етіп, бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы бастамаларды ілгерілетіп келеді. Сондай-ақ, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған нақты шаралар қолға алынып жатыр. Рухани жаңғыру үдерісі де жалғасын табуда. Биыл бүкіл Қазақстан халқы елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы және басқа да игі бастамаларды насихаттауға БАҚ өкілдері де қатысады. Президенттің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған сыйлықтары мен гранттарын тапсыру барысында осы айтылған талаптар міндетті түрде ескерілуі керек, - дейді Г.Әбдіқалықова.   

Оның айтуынша, Президент сыйлығы үздік екі журналиске, тағы екі грант 36 жасқа толмаған журналиске тапсырылады. Ал Елбасының алғысы 4 шығармашылық ұжымға беріледі.

«Биыл сыйлықтың иегерлері 4 млн-нан алады. Бұдан бөлек, алтын төсбелгісі табысталады. Ал грантқа ие болғандар 3 млн 215 мың теңгеден алады», - деп атап көрсетті Г.Әбдіхалықова.

Биыл комиссия қарауына 61 ұсыным түсті. Соның ішінде 47-сі журналистерге, ал 14-і шығармашылық ұжымдарға қатысты. 25 ұсыным баспасөзден түссе, 36-сы - электронды БАҚ пен телекомпаниялар. Комиссия барлық үміткерлерді ашық дауыс арқылы таңдады. Енді, Мемлекет басшысының атына ұсыныс жіберіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір