• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:33:16
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Саясат

Президент латын графикасына көшу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді.

Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                                        Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан

     № 637

 

Жарлыққа қосымшаны мына жерден көруге болады.

Латын графикасы

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір