• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:45:16
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Саясат

Президент болуға ниетті Ксения Собчактың саяси ұстанымдары қандай?

Ксения Собчак 2018 жылы Ресйеде өтетін президент сайлауына өзін ұсынатынын мәлімдеген.

18 қазанда белгілі тележүргізуші, қоғам қайраткері Ксения Собчак 2018 жылы Ресйеде өтетін президент сайлауына өзін үміткер ретінде ұсынатынын мәлімдеген. Өзін президенттікке ұсынған шоу бизнес пен саясатты қатар алып жүрген әйелдің қоғамдық және саяси мәселелер жайындағы пікірі қандай?

Владимир Путин жайында

Мен Путинге өмір бойы қарыздармын. Себебі оның әкеме үлкен көмегі тиген». (2012 жылдың шілдесі, Максим Шевченкомен «Тікелей эфирде» бағдарламасы)

Қаржылық дағдарыс

«Бәрі алаңдап жүр, бірақ дүние төңкеріліп кеткен жоқ қой. Ақырындап, адыммен қардағы Кубаға айналамыз. Мен әдеттегідей өзімнің А8 көлігіммен жүретін боламын, «Жигулидің» қосалқы бөлшектерімен жамап қоямын. Жұмыстарына ескі көлікпен, велосипедпен барып жүргендердің жанында мен бұрынғы қалпымда қаламын». (2014 жылдың 16 желтоқсаны, instagram)

Қырым жайлы

«Болды. Соғыс. Бұл шешім Владимир Владимирұлының кішігірім соғысына айналуы мүмкін немесе оның Ауғанстаны болады. Путиннің мақсаты – «тарихта қалу». Ресейге Қырымды қайтарған президент – кітаптағы маңызды бөлім». (2014 жылдың 2 наурызы, Facebook)

Шешенстан жайлы

«Сіздер Шешенстанды Ресейдің конституциялық-құқықтық алаңына кіргенін қалайсыздар ма? Шын мәнісінде Ресей Шешенстанның конституциялық-құқықтың алаңына кірді. Қандай ақыл-есі дұрыс инвестор Қадыровтың жеке гвардиясындағы сақалды, алтын тапаншасы бар беделді әрі сыйлы адамдары бар мемлекетке ақша аударады?» (2017 жылдың 10 маусымы, «Дождя» сайты, Владимир Путинге арналған видеохабарлама)

Борис Ельцин жайында

«Борис Ельцинмен отбасым етене араласқан. Ол өзінің саяси ұстанымдары бәрінен жоғары ұстайтын адам». (2015 жылдың 25 қарашасы, Ельцин орталығының ашылуы)

Алексей Навальный жайлы

«Сен нағыз ерсің, еліміз үшін барыңды тәрк еттің, бірақ жеке саяси ұстанымдарың үшін одақтастарыңның кеудесінен итеру – дұрыс емес, мұның түбі өшпенділікке итермелейді...». (2017 жылыдң 23 қыркүйегі, Instagram)

Санкция жөнінде

«Батыс ұрлықпен ұсталған олигархтарды жазалап жатыр, ал зардабы бізге тиюде». (2014 жылдың 7 тамызы, Твиттер)

Саясат көрінісі

«Мен тәуелсіз адаммын. Ешқандай лауазымды адаммен байланысым жоқ, болмайды да. Осы үшін де өзімді мақтан тұтамын. Елімізде болып жатқан саяси ландшафтарды бақылап жүрмін. Және бір ғана диагнозымбар – бүгінгі саясаттырыңыз – былжырақ. Іш пыстырарлық, әрі жиіркенішті!» (2017 жылдың 1 қыркүйегі, Instagram)

Билік жайлы

«Билік – екі ойыншының бір-біріне лақтырып ойнайтын бадминтонның добы емес. (Бұдан бұрын Путин мен Медведевтің қатысуымен өткен бадминтонның пайдасы туралы видео жарияланған) Ең бастысы – билік үшін күресу емес, билікке әсер ету керек. Бүгінгі оппозиция билікпен күресіп келеді, ал биліктен орын бұйыра қалса, бәрі әп сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Тек біз, азаматтық қоғам, билікке әсер ете аламыз, оны өзгерте аламыз». ( 2011 жылдың 24 желтоқсаны, Мәскеудегі Сахаров даңғылында өткен минтинг)

Сирия жайлы

«Мен Сирия мен Қырымды салыстырмаймын. Халықаралық құқықты сақтаудың қағидасы. Мұны АҚШ-тан талап ететін болсақ, сақтауға міндеттіміз». (2014 жылыдң 1 наурызы, Твиттер)

Елдегі экономикалық ахуал

«Бізді алда жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлайсыздар ма? Олай болмайды! Валютаның тұрақсыздығы, құбылмалы нарық, 98 жылдың елесі, құлдырауға шақ мемлекет – бұлар орыс сөзінің метафорасы ғана». (2016 жылдың қаңтары, «Бремя новостей» бағдарламасы)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір