• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:18:22
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 NEWS

Пойыз апатынан көз жұмған жасөспірім мен жараланғандардың есімі жарияланды

Басқарманың мәліметінше, 2006 жылы дүниеге келген Шу қаласының тұрғыны Малинев Григорий Александрович көз жұмды.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Шу маңында пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірім мен зардап шеккендердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған жасөспірім қаза тапты, 14 жолаушы дәрігер көмегіне жүгінді. Тағы бір зардап шеккен адам Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, жағдайы бірқалыпты. 13 адамға медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды", - делінген хабарламада.


Басқарманың мәліметінше, 2006 жылы дүниеге келген Шу қаласының тұрғыны Малинев Григорий Александрович көз жұмды.

Зардап шеккендердің тізімі:

Исламгали Ақерке Бақытқызы (1994жылғы, Балқаш)

Өміржанова Әйгерім Құрманғазықызы (1992, Балқаш)

Даутов Әлішер Кенжеболатұлы (2006, Астана)

Байжанов Альби Махамбетиярұлы (1970, Астана)

Әубәкіров Дидар Ахатұлы (1980, Талдықорған)

Талғат Кәмшат (1987, Есік)

Кәрімова Әйгүл (1977, Астана)

Сексенбаев Уәлихан Молдағұлұлы (1978, Тараз)

Воронцова Алина Юрьевна (1982, Шахтинск)

Воронцова Ева Валентиновна (2013, Шахтинск)

Севдеева Наталья Дмитриевна (1975, Шахтинск)

Севдеева Софья Дмитриевна (2008, Шахтинск)

Бозлақов Алмат Жомартұлы (1988, Алматы)

Самат Сұлтанәлі (2017, Есік)

"Қазақстан Темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 17 маусымда 400-ден аса жолаушы Алматыға жеткізіліп, оларға Алматы-1 вокзалында медициналық көмек көрсетілген. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 17 маусымда Шу станциясында орын алған пойыз апатына қатысты арнайы комиссия құрылғанын болатын. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір