• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:23:05
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2018 Саясат

Посткеңестік елдердегі президенттердің билікті ұзарту әдістері

1991 жылдан бастап дербес мемлекет атанған елдердің президенттерінің билікті созу әдісі өте ұқсас.

Посткеңестік елдердің президенттері биліктерін қандай жолмен ұзартты? 1991 жылдан бастап дербес мемлекет атанған елдердің президенттерінің билікті созу әдісі өте ұқсас екенін және олардың бұл процесті жүзеге асыруда Қазақстан президентін үлгі ретінде алғанын байқауға болады. Ендеше бұл процестің посткеңестік елдерде қалай жүзеге асқанын хронологиялық тәртіппен баяндайық.

1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаев президент өкілеттігін ұзартуға арналған бірінші референдум өткізді.

1996 жылы Беларусь президенті Александр Лукащенко да президент билігін ұзартуға арналған референдум өткізді. 

2003 жылы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон референдум өткізіп, бір-ақ рет саулану шектеуін алып тастады. 

2004 жылы Беларусь президенті Александр Лукащенко референдум өткізіп, тағы да сайлауға түсуге мүмкіндік алды.

2009 жылы Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев референдум өткізіп, президенттікке саулану шектеуін жойды. 

2008 жылы РФ президенті болған Дмитрий Медведев өзінен кейін сайланатын президенттің (Владимир Путин) мерзімін ұзартып беріп, 2012 жылы РФ президенті болып В.Путин сайланды. 

2015 жылы Армения президенті Серж Саргсян президенттік мерзімді ұзартатын референдум өткізді.

2016 жылы Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев өкілеттікті ұзартатын референдум өткізді. 

2016 жылы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон референдум арқылы президенттің жасына қойылатын шектеуді жойды. 

2016 жылы Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов Конституцияға өзгеріс енгізіп, билігін ұзартып, президенттің жасына қойылатын шектеуді жойды.

kazpolit.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір