• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:09:52
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Полицейлер Ақтөбе кафесінде болған төбелестің мән-жайын айтты (видео)

Ер адамдардың арасындағы шыққан дау ұялы телефонның камерасына түсірілген.

Полицейлер қала кафелерінің бірінде төбелескен ер адамдарға қатысты тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ер адамдардың арасындағы шыққан дау ұялы телефонның камерасына түсірілген. Видеодағы кадрларға қарағанда, олардың арасында дау шығып, кейіннен төбелеске ұласқан.

"19 маусымда қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде келушілер арасында төбелес шыққан. Осы дерек жайлы ішкі істер органдарына хабарланған жоқ, алайда әлеуметтік желілерде видео тараған. Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір