• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:57:39
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2018 Ғылым-білім

Польша ЖОО-лары қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

Келісім шеңберінде студенттер тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады

Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ыға сілтеме жасай отырып.

Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 Келісім шеңберінде поляк тілін бір жыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат — 3 орын, магистратура — 4 орын және докторантура — 4 орын бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда.

Келісім шеңберінде студенттер тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады  (шамамен 80 — 150 еуро) және докторантура  студенттеріне арналған 300 еуро көлемінде стипендия ұсынылады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімі www.nawa.gov.pl сайтында орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір