• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:42:53
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2018 NEWS

Петропавлда үй қабырғасы құлап, тұрғындар баспанасыз қалды

Петропавлда екі қабатты үйдің қасбеті опырыла құлап, тұрғындар далада қалды. Құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды сыртқа шығарды.

Петропавлда екі қабатты үйдің қасбеті опырыла құлап, тұрғындар далада қалды. Құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды сыртқа шығарды, екеуі бала, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Әйтеуір зардап шеккендер жоқ. 1950 жылдары тұрғызылған тұрғын үй осыдан төрт жыл бұрын апатты деп танылған екен. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұнда үш отбасы, жалпы 13 адам тұрып келген. «Береке» шағынауданының тұрғындары осы  маңдағы тағы бір үй құлағалы тұр деп дабыл қағып отыр. Ол да апатты жағдайда тұр екен. 

«Сыртқа тек киім-кешегімді шығарып үлгердім. Жиһаз, құжат, бәрі үйде қалды. Ішке ешкімді кіргізбей жатыр. Әйтеуір барлығы аман», -дейді қала тұрғыны Алета Сычёва. Қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, апатты деп танылған үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ететін тұрғын үй қоры жоқ.

«Сондықтан сіздерді әзірге уақытша пәтерлерге орналастарамыз. Алдағы уақытта бұл мәселені шешетін боламыз», -дейді ол. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір