• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:31:58
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады

Оқиға орнына келген Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов тұрғындарға уақытша баспана берілетінін айтты.

Петропавлда бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түсті. Төтенше жағдай 21 сәуірде Береке ықшам ауданында болды.

Куәгерлер мен жергілікті билік құрбандар мен жараланғандар жоқ дейді.

1950 жылы салынған Орал көшесіндегі № 4 үй бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған. Онда үш отбасы — барлығы 13 адам тұрған. Төтенше жағдайдан кейін, адамдар көшіріліп, ғимаратты қоршауға алды.

Оқиға орнына келген Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов тұрғындарға уақытша баспана берілетінін айтты.

"Бүгін бізде апатты баспаналар үшін жеке тұрғын-үй қоры жоқ. Сол себепті біз сіздерге қазір уақытша баспана береміз. Кейін бұл мәселені шешетін боламыз",- деді ол.

Петропавлда апатты деп танылған 19 көпқабатты үй бар. Азаттық осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше апатты үйдің жағдайы туралы айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір