• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:49:17
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Перуде 7,3 балдық жер сілкінісі болды

7,3 балдық жер сілкінісі Тынық мұхитында болған

Тынық мұхитында Перу жағалауында күшті жер сілкінісі болып өтті.  7,3 балдық жойқын апат с алдарынан 2 адам қаза тауып, тағы  65-сі түрлі деңгейдегі жарақат алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды. Сонымен қатар жер сілкінісінен кейін елдегі шахтада 17 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Перу геофизика институтының дерегі бойынша зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте Арекипа аймағындағы Каравели провинциясында тіркелген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдар жоғалып кеткен шахта Чаппара ауданында орналасқан. 

Қазіргі уақытта цунами болу қаупі туындап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір