• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:52:49
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2017 NEWS

Пентагон мен Мемдепартамент Украинаны қаруландыруды ұсынды

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік департамент Украинаға танкке қарсы снарядтар, қару-жарақтарды беру жөніндегі жобаны Ақ үйдің мақұлдауына жіберді

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік департамент Украинаға танкке қарсы снарядтар, қару-жарақтың басқа да түрлерін беру жөніндегі жобаны Ақ үйдің мақұлдауына жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Бұл қару-жарақтың бәрі тек төтенше жағдайда ғана қолданылады. Украинаның шығысындағы әскери әрекеттерге қолдануға жатпайды делінген құжатта. Бұл жөнінде Wall Street Journal басылымында жазылған.

Газетке әкімшіліктің жоғары лауазымды шенеунігі өткен аптада Трамптың қатысуымен өткен Украина мәселесіне қатысты жиналыста әскери экспорт жөнінде сөз қозғалмағанын айтады. Пентагон мен Мемдепартаменттің ұсынысына Трамптың қалай қарайтыны әзірге белгісіз.

Вашингтон және Киевтің ресми өкілдері бұл мәселеге қатысты нақты шешім тек бірнеше айдан кейін шығуы мүмкін дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір