• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:41:51
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 NEWS

Педофилдің құрбаны бола жаздаған баланың әкесі қайғыдан көз жұмды

Педофилдің құрбанына айнала жаздаған баланың әкесі 40 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

Шілденің басында Шымкент қаласында қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға болып еді. Ер адам кішкентай баланы подъезге кіргізіп алып айласын іске асырмақ болады. Алайда подъезге әйел кіріп қалып, бала зорлықтан аман қалады. Бұл жағдай подъезд ішіндегі бақылау камерасына түсіп қалды. Ал белгісіз біреу видеоны әлеуметтік желіде таратып жіберді.

Не де болса бүлдіршіннің психологиясы бұзылды, өміріне балта шабылды. Себебі әлгі ер адам мен оның ісі баланың көз алдында мәңгіге қалып қоюы әбден мүмкін. Бұл оқиға баладан бұрын баланың жақындарына қаттырақ әсер етті.

Педофилдің құрбанына айнала жаздаған баланың әкесі 40 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Туыстарының сөзінше, баланың әкесі болған жағдайды көтере алмаған.

«Оқиғадан бір аптадан кейін күйеу балам қайтыс болып кетті. Жүрегі көтермеген. Мұндайды ешкімге де тілемеймін», - деді баланың әжесі 31 арнаның тілшісіне.

Оның үстіне баланың әкесі отбасындағы жалғыз асыраушы болған екен.

Педофилдің өзі қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Бала онымен бетпе-бет кездесіпті, тек жанында психологтар болған.

Төртінші сәбиін күтіп жүрген анасы тағы үш баласымен жалғыз қалды. Туыстары педофилге ең қатал жаза қолдануды сұрап отыр. Алайда сараптама нәтижелері әлі дайын емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір