• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:57:49
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 Аймақтар

Павлодарда ауыл әкімдеріне жаңа көліктердің кілті табысталды

Шара барысында 13 мемлекеттік қызметкер облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.

«Нива» мен «Лада-гранта» көліктерінің кілті бюджеттің төртінші деңгейін енгізген ауыл әкімдеріне табысталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Жаңа тұлпарлардың кілтін мемлекеттік қызметшілер күні  қарсаңында облыс әкімі Болат Бақауов тапсырды.

– Мемлекеттің күші оның қызметкерлері мен олардың жұмысының тиімді болуына байланысты, - деді Болат Бақауов.

– Тек сонда ғана еліміз жетістікке жетіп, гүлденеді. Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, сіздер адал еңбектеріңіз үшін осындай құрметке лайықсыздар. Сіздерге алғысымды білдіремін. Жалпы бюджеттің төртінші деңгейі 32 ауылда енгізілген. Төрт «Лада-гранта» мен 16 «Нива» көліктері Естай атындағы мәдениет сарайынан  өз ауылдарына кетеді. Бұған басқа, тоғыз көліктің кілті  ауыл әкімдеріне бұдан бұрын тапсырылған, ал үш көліктің құжаты әзірленуде. Павлодар облысындағы ең жас әкім Данияр Айтышевтың айтуынша, жаңа көлік Тереңкөл ауылына дер кезінде жеткізілген. - Качир ауданының орталығында сегіз мың адам тұрады, - деді ауыл әкімі.

– Ауылды төртінші деңгейге аудару жұмысы қиын болған жоқ. Ол ауыл тұрғындарынан жіберілетін алты салық түрінен құрылады. Егер де  бұрын барлық қаражат ауданға аударылса, қазір қомақты сома ауылда қалады. Тұрғындар салықты уақытында төлеп тұрса,  тіпті жақсы болар еді. Мереке қарсаңында павлодарлық шенеуніктерге аймақтың ең үлкен сахнасында көнцерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Шара барысында  13 мемлекеттік қызметкер облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір