• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:05:04
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 NEWS

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Кадрлық ауыс-түйіс туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында белгілі болды.

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына Нұрболат Мақашев тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кадрлық ауыс-түйіс туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында белгілі болды. Жаңа басшыны өңір әкімі Болат Бақауов таныстырды. Ол өз сөзінде Нұрболат Мақашев ауыл шаруашылығы министрлігінде біраз тәжірибе жинағанын атап өтті.

- Нұрболат Мақашев сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген, - деді әкім. - Кооперация мәселелеріне жетекшілік еткен. Бұл тәжірибе жұмыста септігін тигізеді деген ойдамын.

Нұрболат Мақашев 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Стандарттау және азық-түлік саласын сертификаттау» мамандығы, 2010 жылы «Тұран-Астана» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Шпайер» әкімшілік басқару неміс университетінің магистратурасын бітірген. 

Еңбек  жолын 2007 жылы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі болып бастаған. 2008-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген.  Бұл қызметке дейін аталған ведомство басшысының орынбасары  лауазымын атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір