• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:45:26
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Аймақтар

Павлодар облысында боран салдарынан 75 елді мекен жарықсыз қалды

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Өткен тәулікте Павлодар облысындағы автожолдарда 17 адам құтқарылды және 169 адам эвакуацияланды. Оның ішінде тоғызы бала, 38 транспорттық құрал шығарылды, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп .

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемелекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, аймақта қатты желдің әсерінен 13 төбе жабындысы  ұшып кеткен.

Департаменттің мәліметінше, апаттық-құтқару жұмыстарында 141 маман қатысып, 63 техника жұмылдырылған. Автокөлік транспортының елді мекеннен тыс облыстық автомобильдік жолдарға 21 мобильдік блок-бекет қойылып, 30  техника және жол полиция қызметінен 104 адам, ТЖД-ден 12 техника және 41 адам қызмет еткен. 109 жылыту пункті дайындалған.

Қатты желдің әсерінен 75 елді мекенде электр энергиясының өшірілуі тіркеліп, қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеп жатыр, жағдай сағат сайын қадағалануда және көмек көрсету үшін күштер мен құралдар өткізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір