• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:01:44
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Павел Дуров ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды

Дуровтың цензура мен мемлекеттің адамдардың еркін хат алмасуына араласу үрдісіне қарсы позициясы одақ тарапынан қолдауға ие болған.

Телеграм мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Дуровтың цензура мен мемлекеттің адамдардың еркін хат алмасуына араласу үрдісіне қарсы позициясы одақ тарапынан қолдауға ие болған.

"Интернет-жоба" номинациясы бойынша "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен "Телеграм"-ның негізін қалаушы Павел Дуров марапатталды", - деп жазылған Қазақстан Журналистер Одағының сайтында.

Павел Валерьевич Дуров  - орыс кәсіпкері, программист, миллиардер, "Вконтакте" әлеуметтік желісін жасаушылардың бірі. Осы желі арқылы ТМД елдерінде танымалдылыққа ие. 2014 жылы "Вконтакте" желісінің бас директор лауызымынан түсіп, "Телеграм" мессенджерін жасауды қолға алады. Аталмыш желінің шифрлау кілттерін федаралдық қауіпсіздік қызметіне беруден бас тартқан соң Роскомнадзор мекемесі Ресейде Telegram-ды бұғаттау құқығына ие болған. Павел Дуров ФСБ-нің бұл талабы Ресей Конституциясының "әр азаматтың жазған хаттарын құпия ұстауына құқығы бар" деген ережесіне қайшы келетінін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір