• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:58:12
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018

«Пацаны зовут его Батя» фильмі Севастопольде арнайы жүлдеге ие болды

Биыл фестивальға 30 елден 100-ден астам деректі фильмдер мен сериалдар ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов  атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсірген «Пацаны зовут его Батя» деректі фильмі Севастополь қаласында өтетін XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінде қазылар алқасы тағайындаған «Жаңа тұлғаның образын ашқаны үшін» жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазақфильм»-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кинотуынды запастағы полковник, Ауған соғысы ардагері, Чернобль АЭС апаты зардабын жою жұмыстарына белсене қатысқан, «Легион» әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы әрі жетекшісі Батур Абдусаламовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды.  Режиссері – Айнұр Ахметжанова.

XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінің Бас жүлдесі Марта Прус есімді польшалық режиссердің «За гранью возможного» фильміне бұйырды. «Ең үздік қысқа метражды деректі фильм» жүлдесіне ресейлік Павел Фаттахутдиновтың «Письма с войны» фильмі қол жеткізсе, «Үздік деректі фильм» жүлдесін армян режиссері Армен Хачатрянның «Последнее желание» картинасы жеңіп алды.

Биыл фестивальға 30 елден 100-ден астам деректі фильмдер мен сериалдар ұсынылды. Фестиваль барысында негізгі байқаумен қатар,  шығармашылық кештер, фильмдердің көрсетілімі және басқа да іс-шаралардан құралған конкурстан тыс бағдарламалар жүргізілді.

Аталған фестиваль Екінші дүниежүзі соғысына қатысқан қалалардың құрметіне Қырымда тұратын Кеңес Одағы батырларының ұсыныстары бойынша ашылған. Фестивальдің басты мақсаты – Еуразия кеңістігінде, сонымен қатар басқа да елдердің кинокомпаниялары мен телеарналары жарыққа шығарған өзекті мәселелерге арналған деректі фильмдерді бір шаңырақ астына жинап, оларды таныстыру. Фестивальдің президенті, Ресейдің халық артисі Владимир Меньшов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір