• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:25:03
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Әлеумет

Парижде Ұлттық домбыра күнін атап өтті (фото, видео)

Домбырада ұлы сазгерлердің күйлері мен танымал халық әндері орындалды.

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Ұлттық домбыра күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Шара барысында, диаспора өкілдері мен француз азаматтары асырап алған қазақ балалары, «Қорқыт» мәдени орталығының жеткіншектері, Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасылары бірлесе мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Домбырада ұлы сазгерлердің күйлері мен танымал халық әндері орындалды. Сондай-ақ, көрермендер қобыз, жетіген және басқа да музыкалық аспаптардағы шығармалар тыңдады.

Париж - домбыра күні

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев шараның ашылуындағы сөзінде жиналған қауымды құттықтап, Елбасының бұл мерекені еліміздің ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту мақсатында бекіткенін жеткізді. Ол, сондай-ақ, 2014 жылы дәстүрлі қазақ домбырасындағы күй орындау өнері ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілгенін атап өтті.

Париж - домбыра күні

Сонымен қатар, Ж. Ғалиев Франциядағы қазақ мәдениетін насихаттау бойынша белсенді жұмысы үшін «Қорқыт» орталығына алғысын білдірді. Елшінің айтуынша, отандық дипломаттар шетелде еліміздің бай ұлттық мәдениетін ілгерілету жолында үнемі жұмыс атқарып келеді және осыған байланысты Ұлттық домбыра күні мерекесінің биыл жыл сайын 2 шілдеде атап өтілетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күні қарсаңында өткізілуінде бір мән барын атап өтті.

Париж - домбыра күні

Елшілікте бас қосқандар домбыраны халқымыздың бай мәдени мұрасының негізгі символдарының бірі екендігін атап өтті және жаңа мереке барлық қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайтуға ықпал ететін жақсы дәстүрді қалыптастыратынына сенім білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір