• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:16:22
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Әлем

Палестиналықтар Трампқа қарсы жаппай шеруге шықты

Трамп сәрсенбі күні ежелгі қаланы Израильдің астанасы деп жариялаған.

Палестинадағы зайырлы және діни қозғалыстар АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы шеруге шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұған себеп Трамптың сәрсенбі күні ежелгі қаланы Израильдің астанасы деп жариялауы болды.

Оның бұл шешіміне Араб елдері ғана емес, Рим папасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа одағы, Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Қытай, Малайзия, Индонезия және тағы басқа елдер наразылық білдірді.

 Палестина білім министрлігі бүгін оқуды тоқтатып, барлық мұғалімдер мен студенттерді жалпыхалықтық шеруге үндеді. Қарсылық акциялары Батыс жағалауда, Газа секторында, Иерусалимнің палестиналықтар мекендейтін аудандарында өтіп жатыр.

Айта кетсек, Иерусалимді Израиль 1967 жылғы соғыста басып алды. Алайда, әлемдік қауымдастық тарихи шаһарға еврей мемлекетінің билігін мойындаған емес. Палестина болса, Иерусалимнің шығысын өзінің болашақ мемлекетінің астанасы етуден үмітті. Бірақ, Америка «тарихи және өмір шындығын» алға тартып, бұған қарсы шешім қабылдап отыр. И

«Біз барша жұртты Американың арсыз агрессиясына қарсы тұруға шақырамыз. Қайталап айтамын – арсыз агрессиясына. Құрама Штаттар халқымызға басқыншылық жасап, оған тіпті соғыс жариялап отыр. Иерусалимде Ислам мен Христиан діні үшін де қасиетті орындар бар», - деді «Хамас» қозғалысының лидері Исмаил Хания.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір