• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:09:06
Алматы
+35°

Пәкістанда 24 жастағы Самина Самун есімді жас әншіні концерт кезінде билеуден бас тартқаны үшін атып өлтірген.  Қайғылы жағдайдың видеосын The Independent басылымы жариялаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, әншіні өлтірген қылмыскерді полиция ұстаған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер адам қызға тапанша тақап, отырып ән айтудың орнына, тұрып билеуді талап еткен. Самун орынан тұрып ән айтқан, алайда билеуден бас тартқан көрінеді. Сол сәтте қылмыскер оны атып жіберген. 

Оқиға пәкістандық Ларкана қаласында болған. Самун тойға шақырылған әнші ретінде өнер көрсеткен. Сонымен қоса, әншінің аяғы ауыр болған екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір