• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:42:30
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 Әлеумет

Өзге ұлт өкілімен 32 жыл тұрмыста болған қазақ әйелдің оқиғасы...

Ерлі зайыптылар «махаббат ұлтқа да, мәдениет ке де, дінге де бөлінбейді» дейді.

Күйеуі – ресейлік физик, әйелі – қазақстандық хореограф. Бүгінде ерлі зайыптылар Мәскеуде тұрады, ұл мен қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана. Екі түрлі ұлттың отау құруы әрі бақытты ғұмыры туралы «Мир 24» телеарнасының тілшісі біліп қайтты.

Сәуле Жукенова студенттерге әр түрлі ұлттардың биін үйретеді, түрлі шараларға дайындайды. Биші-хореографтың айтуынша, бидің қиыны жоқ, сол секілді биге икемі келмейтін адам да болмайды. Би үйретудің де ерекшелігі бар екенін айтады. Өзгеге қандай да бір ұлттың бидегі қиымылын көрсете отырып, адамға сол ұлттың мәдениетін үйреткендей күй кешеді.

«Біз бүгін қазақша би үйрендік. Қазақстанда тұратын немесе мәдениетімен таныс адамдар би қимылдарын тез қағып алады. Ал ол ұлтпен мүлдем таныстығы жоқтардың стилистиканы қабылдауы қиынға соғады. Оларға қазақша би үйрену қиын», - деді «Әлем мәдениеті» жобасының жетекшісі, хореограф Сәуле Жукенова.

Халықаралық мәдени қатынастар жайы Сәулеге етене таныс. Орыс ұлтының ерімен отау құрғанына 32 жыл. Екі баласы бар. Жары Дмитрий Сәуленің жаттығуы аяқталғанша есік сыртында күтіп отырады. Жұмысынан кейін бірден дайындық залына келуге тырысады екен.

Дмитрий – физик, хореографпен бірнеше жыл бір шаңырақ астында тұрып жатқан өзі де биге біршама икемделіп қалған.

Ерлі-зайыптылар Мәскеуде қарапайым пәтерде тұрады. Алайда пәтерде екі ұлттың салт-дәстүрі сабақтасып жатады. Ең алдымен, гастрономиялық жағы... Дмитрий көбіне кәуап дайындағанды жақсы көреді, ал Сәуле ет асады.

Екеуі 1980 жылдары би кешінде танысқан. Сәулені бір көргеннен ұнатқан Дмитрий уақыт созбай, сүйген қызына ұсыныс жасайды.

«Дмитрий сөз салуға келгенде, біріншіден оның жасы кіші екенін, екіншіден өзге ұлттың жігіті екенін білдім. Мамандығы – физик, ал мен – лирикпін. Өзінен жақсылап ойлануын сұрадым, ол келісті», - деп өткен күндерін есіне алды Сәуле Жукенова.

Ол уақытта Дмитрий костюм мен неке жүзігін алуға кеткен екен. Қайта оралғанда, жұп үйлену тойын өткізді. Алғашында екі жақтың да ата-анасы некеге қарсылық танытқан, алайда Дмитрий Қазақстанға келгенде өзінің нағыз отбасын тапқанын түсінді.

«Отбасы мүшелері мені бірден қабылдады. Бүгінде әйелімнің ағасы менің туған бауырымдай болып кеткен. Сәулеге үйленемін деп, ағалы болғаныма қуанамын», - дейді Дмитрий Жукенов.

Ерлі зайыптылар «махаббат ұлтқа да, мәдениет ке де, дінге де бөлінбейді» дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір