• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:52:14
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Әлем

Өзбекстанда диқандардың малын тартып алып жатыр

Ал жергілікті билік болса, мұндай ақпаратты теріске балап отыр.

Өзбекстанның Сұрхандария облысы фермерлері хабарлағандай, жергілікті билік астық жинауда жоспарды орындамаған фермерлерден әр келі бидай үшін 1200 сум төлеуді талап еткен. Ақшалай бере алмаған фермерлердің малдарын тартып алып жатыр екен.

Сұрхандария облысы фермерлерінің сөздерінше, егінді суару жеткіліксіз болғандықтан биылғы астық бітік шықпаған. Салдарынан көптеген диқан жоспарды дұрыс орындай алмаған.

"Биыл құрғақшылық салдарынан фермерлердің 80-90 пайызы жоспарды орындай алмады. Қазір облыс және аудан басшылығы бізден қайдан тапсаңдар да жоспарды орындаңдар деп талап етіп жатыр. Олар өткізілмеген астықтың әрбір келісі үшін 1200 сум (0,15 доллар) төлеткізіп жатыр. Биыл көктемде фермерлер жергілікті билікке су жетіспейді деп шағымданған болатын. Енді билік судың жетіспеушілігін елемей отыр", –дейді диқандардың бірі.

Енді бір Кизирик ауданының фермері атқарушы билік үй-үйді аралап, малдарымызды тартып алып жатыр дейді.

"Диқандардың бірінің сиыры мен бұзауын алып кетті. Бізден малдарыңды сатыңдар дейді. Биліктің өктемдігінен қорыққан әріптесіміздің бірі үйіндегі өгізі, сиыры мен бұзауын 12 миллион сумға сатты" – дейді Кизирик ауданының диқаны.

Ал жергілікті билік болса, мұндай ақпаратты теріске балап отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір