• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:37:37
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Әлеумет

Өзбекстан президенті Назарбаевтың ерекше қасиеттері туралы айтып берді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаев жайлы өз ойын айтты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаев жайлы өз ойын айтты. Өзбекстан басшысының Елбасы жайлы айтқан видеосын Президент Телерадиокешенінің Instagram-дағы парақшасы жариялады.

«Ең алдымен, уақыт пен тағдыр маған әлемдік деңгейдегі мемлекеттік әрі саяси қайраткер – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеуге мүмкіндігін сыйлады. Ол – озық ойлы адам. Қашан да тың реформаларға ұмтылады. Ол реформатор. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қандай жетістіктерге жеткенін көруге болады. Ең бастысы, Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық орнап тұр. Реформалар жүріп жатыр. Қазақстанның бүгінгі жетістіктеріне бүкіл әлем куә.  

Назарбаевпен сөйлескен кезде өзімді жайлы сезінемін. Әрбір кездесуден сабақ аламын. Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ерекшелігі ол өзінің командасына қашан да ерекше назар аударып жүреді. Ал командасы Назарбаетың революциялық идеяларын жүзеге асырады», - деді Мирзиеев.

 

Шавкат Мирзиеев:«Нурсултан Абишевич-очень прогрессивный человек. Он очень стремится к реформам. Он вообще реформатор в своей жизни. И вот можно посмотреть за эти годы Независимости, чего достиг Казахстан. Весь мир смотрит на те достижения, которые достиг Казахстан за эти годы Независимости». В скором времени опубликуем наш новый фильм, а пока подписывайтесь на наш YouTube канал и Твиттер и будьте в курсе последних новостей и наших творческих новинок. ⠀ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев: «Нұрсұлтан Әбішұлы - өте прогресшіл адам. Өмірде де реформатор. Бүкіл әлем Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне назар аударады". Жуырда көптен күткен фильмімізді ұсынбақшымыз,біздің YouTube арнамызға және Твиттер парақшамызға жазылып, соңғы жаңалықтардан әрқашан хабардар болып жүріңіздер. ⠀ ⠀ #ТРК #Казахстан #Назарбаев #Узбекистан #Мирзиеев #интервью #СНГ ⠀

A post shared by Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) on

Айта кетейік, 6 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір