• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:54:40
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 NEWS

Өзбек депутаттарын ұлттық киім киюге міндеттеу ұсынылды

Заң шығарушы палата ұлттық киім үлгісін бекітсе, жоғарғы палата киім үлгілері облыстық депутаттар кеңесінде бекіте алады.

Өзбекстан Ұлттық университетінің доценті, Инновациялық технологиялар орталығы директорының орынбасары Мирякуб Хайдаров парламент депутаттарына ұлттық киім негізінде дресс-код ұсынуды енгізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Орталық Азия ақпарат қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

 Доценттің пікірінше, парламент депутаттары еуропалық киім кимеулері керек. Ол халық қалаулылары жұмысқа ұлттық киіммен баруы керек деп есептейді. Мысалы, жазда жібек шапанмен, ал қыста мақтадан тоқылған немесе барқыт шекпен киюлері керек.

"Заң шығарушы палата ұлттық киім үлгісін бекітсе, жоғарғы палата киім үлгілері облыстық депутаттар кеңесінде бекіте алады. Жергілікті органдар өз аймақтарының киімін кигені жөн. Сол себепті ферғаналықтар сұрқандариялықтардан өзгеше киінеді", - деп жазды Хайдаров 8 қаңтарда Podrobno.uz сайтында жарияланған мақалада.

Оның пікірінше, өзбектер ұлттық құндылықтары мен дәстүрін әрдайым сақтауы керек. Бірінші болып мұндай дәстүрді депутаттар бастағаны дұрыс, деп есептейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір