• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:20:36
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Әлем

Өз жаназасының үстінен түскен 20 жастағы жігіт туыстарын шошытты

Жиырма жастағы жігіт бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Кейінірек жергілікті полиция жақын маңнан өртенген адамның мәйітін тауып алған.

Парагвайда өзінің жаназасының үстінен түскен ер адам туыстарын шошытты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "The mirror" газетіне сілтеме жасап. 

Жиырма жастағы жігіт бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Кейінірек жергілікті полиция жақын маңнан өртенген адамның мәйітін тауып алған. Мәйітті отбасы мүшелері жоғалған туысының мәйіті деп түсінеді.

Бразилиямен шекарадағы бақылаудың әлсіздігіне байланысты ер адамның тұрғылықты орнында қылмыс көрсеткіші жоғары. Осы себепті оны біреулердің қинап өлтіргені отбасы үшін жаңалық болмаған.

Табылған мәйітті полиция отбасы мүшелеріне табыстап, келесі күні қоштасу рәсімін ұйымдастырылған. Алайда «өлген ер адам» өзінің жаназасының үстінен түскен.  Отбасы мүшелері өлдіге санаған туысын көргенде алдымен қатты шошып, артынша қуаныштарын жасыра алмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір