• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:34:02
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Аймақтар

«Ońtústik» телеарнасында Ж.Түймебаевтың қатысуымен «Әкім сағаты» өтуде

Тікелей эфир арқылы көрерменмен байланысқа шыққан өңір басшысы оңтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына жауап беретін болады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Ońtústik» телеарнасындағы халықтың үнімен биліктің ісін үйлестіруге арналған «Әкім сағаты» бағдарламасында қонақтаТікелей эфир арқылы көрерменмен байланысқа шыққан өңір басшысы оңтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына жауап беретін болады.

Тікелей эфир барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасының өңірдегі орындалу барысы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім және ғылым, мәдениет, өнер тағы да басқа салаларда кездесетін өзекті де, өткір мәселелердің шешілу жолдары әңгімеге арқау болмақ.

Сондықтан, әрбіріңіздің алдағы 1.5 сағаттық тікелей эфир кезінде қоңырау шалып, сұрақ қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Сауалдарыңызды төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне -53-52-17; -53-94-72; -55-12-09 хабарласып қоюға және 8702-198-53-23 нөміріне уацап желісі арқылы не болмаса [email protected] электронды поштаға жазбаша жолдауға болады.

Бұдан бөлек, тұрғындар трансляция жасалып жатқан Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасы арқылы да сауал жолдауға мүмкіндік алып отыр.

Бағдарлама барысында телеарнада арнайы Call-орталық жұмыс істеуде. Олар тұрғындардан келіп түскен сауалдарды жинақтап, әкімге жолдап отыратын болады. Үш миллион халқы бар өңір тұрғындарының сауалдарына әрине, екі сағатқа жуық аралықта толықтай жауап беру мүмкін емес. Сондықтан да қалған сұрақтар облыс әкімдігінің назарына алынып, алдағы уақытта жауабы берілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір