22Қыркүйек

Оспан батырға жасалған қастандықтар

Оспан батырға жасалған қастандықтар

Алланың адал құлдарына деген мүнафихтердің жаласы мен жаулығы ежелден бар.

Тірліктің қиын сынағындағы Оспан батыр да осындай от пен судың ортасында қан кешті. Және де өз ақиқатын өліммен дәлелдеп жауының алдында еңкеймеген күйі кеудесін оққа төседі. Тіпті өлер шағында басқаларға көлеңке боларлық күпір мен ғайбатқа бармастан бар кінәні өзі көтерді.

Кейінгілерге жұмбақ күйінде қалған Әлихан төренің Оспанға жазған бір хаты бар. Онда «Қорқыт өлімнен қанша қашсада құтылмаған, қайда барса да Қорқыттың көрі болған» деген екен делінеді. Біраз шіркіндер бұл хаттың мәнін: «бұл дегендік Қытаймен күресіп жеңіске жетпейсің, бәрі бір олардың тіс-тырнағынан құтыла алмай өлім құшасың. Сондықтан ертерек берілгенің жөн!» деген сөз деп тұспалдайды.

Шын мәнінде, Кеңес одағы 1944-жылы 12-сәуірде өзі құрған Шығыс түркістан республикасын құлату шешімін қабылдаған. 1945-жылғы 11-ақпандағы Ялта (Киремил түбегі) бас қосуынан кейін, Әлихан өз жетекшілігіндегі жас мемлекетті қорғап қалуға кірісті. Осы барыста кезектен тыс құрылтай шақырып, Оспан мен Қалибекті одаққа тартты. Оспан өз өкілі Ләтіп Мұстапаұлын, Қалибек өкілі Қамза Шөмшібайұлын құрылтайға жіберді. Әлихан мен Ләтіп ұзақ сөйлесті. Аталған хат осы жолы Ләтіп арқылы Оспанға жолданды. Оның шын мәнісі: «қызыл өкімет жер дүниені жалмап келеді, Кеңестік қызылдың итпегімен Қытайда сол жолға бейімделді. Оған төтеп беру өте қиын. Сол үшін берілсеңде, берілмесеңде алдыңда өлім күтіп тұр. Олай болса қара тұяқтан хал кеткенше күресіп өлгеніміз дұрыс қой!» деген емеурін еді.

Ол кезде Кеңес одағының елшілігі Үрімжі қаласында болатын. Оның Іле, Алтай, Тарбағатайда бөлімше консулдары бар еді. Құлжа қаласындағы консулдық Әлиханның қыбыр-жыбырын күнде бағып отырды.

Оның үстіне Мәскеуден Сталиндік тәлім алған Ахметжан Қасыми Үрімжідегі Гоминдаң үкіметімен келісім жасауға жіберілгеннен кейін кеңестік «сенарийді» бұза алмай, Гоминдаң өкілі Жаң Жыжұңға бүйрек бұрды. Әлихан қат-қабат қамауға қалғандай жанталасып жатқанда кеңестік қақпан оны өз уысына оңай түсірді. «1946 жылдың 17 маусым күні Құлжадағы Кеңес консулы Әлихан төреге телефон соғып: Қорғас шекарасында Өзбекстанның сол кездегі бірінші секратары Осман Юсұпов күтіп тұр. Сізбен ақылдасатын маңызды мәселелері бар көрінеді. Тез барыңыз, – дейді» («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» 10 том, 253 бет. Әлімғазы Дәулетхан «Шығыс Түркістан жұмқұриеті және Әлихан төре» мақаласы. «Астана полиграфия» АҚ, Астана 2008). Сөйтіп, Әлихан төрені Жаркент қаласында екі күн ұстап тұрған соң, Алматы арқылы Ташкент қаласына ұшақпен әкетті.

Шығыс Түркістан Республикасы таратылғаннан кейінгі ендігі үлкен жау – Оспан батыр болды.

Әлиханның жасырын қолға алынып, Кеңес Одағына әкетілуімен бірге қалыптасқан Оспанға қарсылық идея бір мезет Ахметжан Қасыми, Әбдікерім Аббасов, Дәлелхан Сүгірбаевты өкіл еткен қызылшыл топтың күресін ықпалды орынға көтергендей көрінді.

Оспан батырдың көзін құрту мақсатында ұйымдастырылған кеңестік қастандықтар Моңғолия арқылы және де Шығыс түркістанның орынын басқан қуыршақ үкімет «Үш аймақ» арқылы іске аса бастады.

Бұл туралы Қожай Доқасұлы «Офицсердің қойын дәптерінен» деген кітабының 120-121-бетінде «1946-жылғы 4-айдың 15-күндері Дәлелхан Сүгірбаевтің бұйрығы бойынша Қобық атты полкінің бір баталион әскерінің көмегінде Оспан қолын құрту соғысын жүргізгендігін» жазды. Аталған еңбекте Қ.Доқасұлы Дәлелхан Сүгірбаевтің бұйрығы арқылы Ертістің Дөрбілжін аталатын керішті жотасының бауырындағы бейуаз халықтың да көп қырғынға ұшырағанын айтады.

Хасан Оралтай өзінің «Елім-айлап өткен өмір» кітабының 46-47-беттерінде «Оспан батырға Моңғолия арқылы Тескенбай, Сағадай, Марқаба, Тотан Хамит ұлы, Тандырбат сынды бас кесерлерді бірінен соң бірін көзін құртуға жібергенін жазған.

Осындай қастандықтар жайында жазылған тарихи деректер мен қариалардың айтуына жүгінсек, Оспан әсте Дәлелхан қолына, немесе ол арқа сүйеген бұрынғы Шығыс Түркістан Республикасы армиясына (қазіргі «Үш аймаққа) тікелей тисіп көрмеген, тек өзін құртқалы келген армияға қорғану мақсатында қарумен жауап беріп отырған. Керісінеше, Оспанды жау көрсету мақсатында қарсы жағы Оспанды «жауыз», «банды», «қауіпті адам» ретінде көрсетуге тырысты.

 Осындай ұпай түгендескен тұста кеңестіктер мен Оспанға қарсы өзге де топтар жасырын түрде керейше киінген жасақтар дайындап: «Біз Оспан адамымыз» деп беюаз ауылдарды да тонап шауып, әдейі арандатушылықтар тудырған.

Бұл ғана емес Дәлелхан және оның төңірегіндегілер қазақтар арасында іріткі салып, кейбір елбасыларын Оспанға қарсы қоюға жанын салды. Нәтижесінде, оспан төңірегінде жүрген Уатхан, Қалман, Нәзір тәйжі сынды беделді кісілер Дәлелханның тіліне еріп, Оспанға қарсы іс-әрекеттерге қатысып, онысы әшкереленіп қалды. Тек қана Дәлелханнның тапсырмасымен Оспанды өлтіруге ниетттенген «Ислам» лақамды адамның болғаны да айтылады.

Оспанның қасынды Кеңес одағынан қашып келген Алаш зиялыларының ұрпақтары, қуғындау-тұтқындаудан қашқан ұлт зиялылары, тіпті моңғол, орыс ұлты өкілдеріне дейін болды. Оспан солар арқылы бүкіл халықара жағдайын барлай келіп, кеңестіктердің қылмысын толығынан танып-жетті.

Бір жағынан Моңғолияның, бір жағынан ішкі ағайынның, енді бір жағынын Кеңес Одағының қысымына ұшыраған Оспанның Гоминдаңшылармен одақтасуды талдауы осы кез. Әрі өз талдауын: «Кезінде ортақ мүдде үшін бір-біріне жау болған қара қытай мен қызыл қытай бірлесіп, жапонға қарсы тұрды. Кеңес Одағы да Америкамен бірлесті. Мен уақыт талабы бойынша Гоминдаң шылармен бірігу арқылы АҚШ сияқты сырт елдермен байланысқа шықсам не болыпты?! Бұл менің Кеңес қызылы мен Қытай қызылан сақтануымның бірден-бір жолы! Халқымның мүддесі үшін сайтанмен де дос болуға бармын», – деп түсіндірді.

Бүгінгі шындықтың Оспан жағында екенін ескерсек, Кеңес қуыршағына айналған Шығыс Түркістан үкіметіне қарсы шыққандығын да әбден түсіне аламыз. Кейіннен  Кеңестіктер Шығыс Түркістаннан бет бұрған тұста тәлкекке түскен түркілер тағдырына ашынған Оспан Әлиханның идеясын қуаттай отырып, Шығыс Түркістанды қорғауға жанын салды. Бірақ кеш болды. Досынан жауы көбейді.

1949 жылы қызы үкіметтің қуыршағына айналған бір топ адам ұщақпен бірге күлге айналды.

Оспанның ендігі жауы қызыл қытайларға айналды. Қазақты қазаққа салу сынды ойын тағы да жалғасты.

Жаңадан келген қызылдар Оспанға қарата бірі өз жағына тартуға тырысса, екінші жақтан алдамалай тұру саясатын қолданды. Оны тарпа салуға әркеттенген жоқ.

Шын мәнінде қызылдар мен Оспанның бірігіп кетуі Кеңес Одағын қуаттайтын топтар мен бұрынғы «Шығыс Түркістан республикасының» орнын иелеп отырған «үш аймақшылдарды» қатты алаңдатты. Кеңес Одағының жол-жорық көрсетуіне және оның идеясындағы саяси-әскери топтарға өлердей қарсы болған Оспан батырдың қызылдардың сеніміне бөленуі «жалған төңкерісшілдердің» бет-пердесін айпарадай ашып қана қоймай, олардың жау санаған адамын тарих сахнасына қайта көтеріп шығатын болды. Сыртта АҚШ және Кеңес Одағы өз ұпайларын түгендейтін күштерге қолдау көрсетуге жанталасса, іштегі ымыраға келмес алауыз топтар да бас пайдасын ойлап, бақай қулықпен арпалысқа түсті. Сөйтіп ендігі жерде бағынышты болған Шынжаңдағы жергілікті топтар ішінде қызылдарға кім бұрын жақсы көрініп қалар екен деген қызғаныш пен бақталастық қатарынан өмір сүрген тайталасқан жағдай қалыптасты. Олардың ішінде жақсы көріну ниетіндегі жағатсығандар мен жаулық пиғыл танытып үрке қараушылар да бар еді.

Ерлікпен басталып, өрлікпен жалғасқан ұлт-азаттық қозғалысын «бүлікке» балаған «Үш аймақ» Оспанға бұдан бұрын да шошына қарайтын еді. Бұл туралы «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» («Ұлттар» баспасы, 2000 жыл.) атты кітаптың 340-бетінде: «Оспан, Қалибек, Жаужап (моңғол) бүлігі арт-артынан туылғандықтан, үш аймақтың жағдайы күннен-күнге ушығып, мүшкіл халге кіріптар болды. Ұлттық армия әскери күшінің жеткіліксіздігі тұтас үш аймақ үкіметіне ауыр қатер төндірді», – деп жазады.

1949 жылы 14 тамызда Қытай комунистік партиясы өз өкілі Дың Личұнды Мәскеудегі сапарынан Алматы арқылы Құлжаға жіберді. Ол «Үш аймақтағы» қызыл қытайшыл топпен тығыз қарым-қатынаста болып, аз ғана уақыт ішінде Шынжаң жағдайы жөнінде Қытай комунистік партиясы орталығына 85 телеграма жолдаған екен. Демек, дәл осы кезде Кеңес Одағы мен Қытай қызыл партиясының мүлде құпия, ішкі ымыраға келе отырып, «Шынжаң мәселесін» біржола шешкенін анық аңғаруға болады. Осы жылы 27 тамызда «Үш аймақ» басшыларының Кеңес Одағының ұшағына отырып, Иркутси қаласынан өтіп, Байкал көлі маңына барғанда өртеніп күлге айналуы соның бір мысалы. Әрі Оқиғадан 3-4 күн өте сала, яғни 2 қыркүйек күні Үрімжідегі Кеңес елшісінің орынбасары шұғыл түрде Құлжаға барып, Дың Личұнды Үрімжіге аттанып, Бұрхан Шаһидимен бірлікте жұмыс атқаруға шақырып, көндіреді. Демек бұл «үш аймақшылардың» Ахметжан, Ысқақбек, Аббасов, Дәлелхан секілді «көне» басшыларының көзі құртылғаннан кейінгі іш пен сырттың сәйкесе отырып, Шынжаң мәселесін дереу қолға ала бастаған алғашқы әрекеті еді. (Бұл туралы мәліметтерді «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» атты кітаптың 419-420 беттерінен табасыз). Ал, ұшақтан құлағандардың өлімі Шынжаң мәселесі бір жағына шыққанша, жасырын ұсталып, қазанның ішінде ғана жұртқа жария болды. Олардың «сүйегі» аталған танығысыз мүрделер 1950 жылдың 15 наурызында ғана Құлжаға жеткізілді. Ендігі жерде  Кеңестіктердің Кеңес ін бұзбайтын, қытай билігіне басы байлаулы «қып-қызыл», жаңа «үш аймақшылар» тарих сахнасына көтерілді. Сөйтіп, қыркүйектің басында «Үш аймақ» жақ Қытай комунистік партиясы орталық комитетінің жол-жорық көрсетуіне негізделіп, Шынжаң мәселесін шешудің көп түрлі жолдарын қарастырып, ҚКП-на жауап хат жазды. Аталған хаттың 6 тармағында: «...Жәнімхан, Қадуан, Оспан, Қалибек т.б көп саяси және әскери қылмыстыларды жазалап, мал-мүлкіне дейін мүсәдралауды» сұрады. («Жұңго Шынжаңның тарихы және қазіргі жағдайы», «Шынжаң» халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі 313-314 беттер).

1949 жылы 26 тамызда халық азаттық армиясы Ланжуды басып алды.

Ендігі жерде оларды татуластыруға талпынушылардан гөрі ажыратуға, ара жігін ашуға ұмтылғандар көп болды. «Үш аймақшылардың» бар ниеті Оспанның көзін құрту еді.

Бір қызығы оларды қызылдардан көрі «Шарқи» аталған «үш аймақшылардың» өкшелей қууы көбірек болған көрінеді. Бұл жайында Нұрғожай батыр аталған еңбегінің 165-166 беттерінде бірінші рет: «Біз Сарқамыста отырғанбыз. Үш аймақ атын жамылып, орыс армиясы келіп басты. Олармен аяусыз соғысып, көп адамын қырып тастадық. Қалған әскерлері жеңіліп, Нориға шегініп кетті» десе, енді бірде «Оспан, Жәнімхандар Тақырбастау, Сарбастауға барып орналасты. Бір жұмадан кейін орыстардың жалған Шарқи Түркістан атындағы әскерлері келіп басты», – дегенді айтады. Демек Оспандардың әлі де болса қызылдармен тіл біріктіруінің мүмкіндігінен алаңдаған Кеңес Одағы өз армиясын кіргізіп, «үш аймақшылармен» сәйкесе отырып, қызылдардан бұрын қармануды ойлаған сияқты. Тіпті ол көмекті «үш аймақшылардың» әдейі сұрап алуы да немесе қызылдырдың түртіп салып, білсе де білмеске салып тасада тұруы да әбден мүмкін еді.

Осылайша, онсыз да өрісі отқа оранған Оспанның барар жер басар тауы қалмады, тығырыққа тірелді.

Оспанның шетелге қашу, құтылып кету ойы болған жоқ.

 Гансуде отырғанда шетке кететіндер Гас, Темірлік өңірінде отырған елді бетке алып, Тәйжінұр тарапқа, Оспандар Алтайға беталуды мақсат етіп Хайзыға қарай көшеді. Хайзыдан ары Құмыл, Баркөл, Бәйтік, Қаптық арқылы Алтайдың ұлы тауларының кең қойнауына ілініп кетіп, күресті жалғастыруды армандайды. Мүмкін болса коммунизимге жау болып отырған АҚШ, Жапония, Германия елдерінен көмек алсам дегенді де ойлайды.

Бұл Оспанның ешқандай әрі-сәрі болмастан, өз тағдырының шешімін шығарып, соңғы байламға келген кезі еді.

Ер айтқанында тұрды. Тек қана күресіп өлуді қалады. Жастығын ала жатты. Қолды болғаннан кейінгі көп «жарылқауды» да қаламады.

Бүгіндері көзі тірі, Оспанды тергеуга қатысқан, Алматыда тұратын Қалдыбай Қанафин атамыз Оспан туралы өткен күндерді еске алғанда осы жолдардың авторына: «ол шындығында түрікшіл ислам елін құруды армандаған нағыз батыр, ержүрек, бөлекше жаралған жан еді» деп еске алады.

Оспан батыр Сіләмұлы 1951 жылы ақпанның 19 күні қытай қызылдары жағынан қолды болып, 29 сәуірде, дәл бүгінгі күні Үрімжі қаласында пәниден бақиға аттанды. Қастандықтардың құрбандығынан құтыла алмай ерлікпен Шаһит болды.

Жатқан жерің жаннат, топырағың торқа болсын!

 Untitled

Жәди Шәкенұлы, жазушы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


1
Астана мен Алматы туристер үшін танымал қалалардың бестігіне енді
22/09 08:43 0 6
2
Елбасы Алматыға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
21/09 20:00 0 0
3
Қазақ билігіндегі атқа мінерлердің рейтингі жасалды
13/09 22:36 0 44
Қазақ боксшысы Қытайдың ұлттық құрамасының тарап кетуіне себепші болды
13/09 19:44 0 2768
Жанат Құрманов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды
13/09 19:31 0 114

Таныстырылғандар

Ғылыми орталық Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қарауына берілді
Ғылыми орталық Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қарауына берілді

Ғылыми орталық Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қарауына берілді

Қазіргі уақытқа дейін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болды
05/09/2017 12:39 1 1094
Сауд Арабиясы Иранмен байланыс орнатудан бас тартты
Сауд Арабиясы Иранмен байланыс орнатудан бас тартты

Сауд Арабиясы Иранмен байланыс орнатудан бас тартты

Әл-Джубейр Сауд Арабиясының Иранмен тығыз қарым-қатынас орнатуына ешқандай себеп көріп тұрмағанын мәлім етті.
06/09/2017 17:55 1 1028
Еліміздегі бес беделді ЖОО-ға ректорлар ұсынылды
Еліміздегі бес беделді ЖОО-ға ректорлар ұсынылды

Еліміздегі бес беделді ЖОО-ға ректорлар ұсынылды

15 үміткер ЖОО дамыту бағдарламаларын ұсынды. Олар ЖОО Бақылау кеңестерінің ұсынымдары бойынша, 38 үміткердің арасынан іріктелініп алынды
07/09/2017 17:04 0 930
Байтұрсынұлы музей-үйінде музей туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Байтұрсынұлы музей-үйінде музей туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

Байтұрсынұлы музей-үйінде музей туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

9 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлы тағылым үйінің қалыптасу тарихына арналған кітаптың тұсау кесері өтеді.
08/09/2017 11:18 0 729
Мьянмадағы азап туралы құпия деректер: Кім ойыншы, кім ойыншық?
Мьянмадағы азап туралы құпия деректер: Кім ойыншы, кім ойыншық?

Мьянмадағы азап туралы құпия деректер: Кім ойыншы, кім ойыншық?

Мьянма үкіметі мен рохинджа мұсылмандарының арасындағы қақтығыс 1948 жылдан басталып келе жатыр.  Нақтылайтын болсақ, рохинджа мұсылмандары 69 жыл бойы Мьянма
08/09/2017 12:35 4 8764
Байтұрсынұлы музей-үйі туралы кітаптың тұсауы кесілді
Байтұрсынұлы музей-үйі туралы кітаптың тұсауы кесілді

Байтұрсынұлы музей-үйі туралы кітаптың тұсауы кесілді

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының алғаш ұйымдастырылуы — 1993 жылдың 09-қыркүйегі.
09/09/2017 16:44 1 549
АҚШ-тағы 30 млн. адамға қауіп төніп тұр
АҚШ-тағы 30 млн. адамға қауіп төніп тұр

АҚШ-тағы 30 млн. адамға қауіп төніп тұр

Флорида штатында 3 млн. астам адам Ирма дауылының кесірінен жарықсыз қалды.
11/09/2017 10:17 0 2807
Михаил Саакашвили Украинаға келді (фото)
Михаил Саакашвили Украинаға келді (фото)

Михаил Саакашвили Украинаға келді (фото)

Саясаткер Львовқа келді
11/09/2017 10:47 0 631
«Attila group компаниясы жасаған конвертер тілдің дамуына кепілдік бермек»
«Attila group компаниясы жасаған конвертер тілдің дамуына кепілдік бермек»

«Attila group компаниясы жасаған конвертер тілдің дамуына кепілдік бермек»

Алдағы уақытта қолданысқа енетін «Attila group» компаниясы жасаған конвертер тілдің дамуына кепілдік бермек
11/09/2017 11:56 19 1991
Ақмола облысында қарлы бұрқасын болмайды
Ақмола облысында қарлы бұрқасын болмайды

Ақмола облысында қарлы бұрқасын болмайды

13 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр, соңы дымқыл қарға ұласуы) күтіледі
13/09/2017 09:19 0 362
Мұсылман әйел алғаш рет Сингапур президенті болып сайланды
Мұсылман әйел алғаш рет Сингапур президенті болып сайланды

Мұсылман әйел алғаш рет Сингапур президенті болып сайланды

63 жастағы Якоб мемлекет президенті болған алғашқы әйел атанды. Сондай-ақ президент тағы бұйырған малай қауымдастығының алғашқы өкілі.
13/09/2017 12:34 2 941
«Латынға көшу Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғырудың» берік іргетасы»
«Латынға көшу Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғырудың» берік іргетасы»

«Латынға көшу Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғырудың» берік іргетасы»

мемлекеттік органдардың, отандық компаниялар мен ұйымдардың 30-дан астам АТ-жобалары ұсынылады
13/09/2017 12:59 1 77
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

Куәгерлер бүгін Шығыс Қазақстан облысының Осиновский асуында қар жауғанын мәлімдеді.
13/09/2017 16:21 0 236
Елордалық мәслихат депутаттары бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады
Елордалық мәслихат депутаттары бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады

Елордалық мәслихат депутаттары бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады

Астана қаласы мәслихатының депутаттары елорданың бірқатар өндірістік кәсіпорнына барады
13/09/2017 16:24 0 71
Мемлекет басшысы: Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру қажет
Мемлекет басшысы: Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру қажет

Мемлекет басшысы: Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру қажет

Елбасы іс-шара алдында арнайы әзірленген көрмені аралап көрді. Онда түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам ІТ-жобалар қойылған.
13/09/2017 16:32 0 135