• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:49:05
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Өскеменде халықаралық әуежайдың жаңа терминалы ашылды

Терминалдың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Даниал Ахметов әуежай ұжымын мерекемен құттықтады

Өскеменде ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында халықаралық  Өскемен әуежайының жаңа терминалы ашылды. Ұшып келген жолаушыларға арналған терминал сағатына 200 адамды өткізуге қабілетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Терминалдың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Даниал Ахметов әуежай ұжымын мерекемен құттықтады.

Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Шығыс Қазақстан көршілес Ресеймен, Қытай Халық Республикасымен және Моңғолиямен шекаралас аймақ болғандықтан, әуежайдың кеңейіп, терминалдың ашылғаны халықаралық қатынасқа жаңа серпін береді. Жылына әуежай 300 мыңнан астам жолаушы қабылдаса, алдағы уақытта бұл көрсеткіштің өсетініне кәміл сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.

Кеден бақылауының жаңа технологияларымен және заманауи құрылғылармен жабдықталған терминалда сондай-ақ ана мен балаға арналған бөлме де қарастырылған.

Келер жылы халықаралық әуежайда бұдан бөлек тағы да басқа өзгерістер болмақ. Жоспар бойынша ұшу алаңы, жүк терминалы, автотұрақ және жүк қоймасы жөндеуден өтіп, халықаралық стандарттарға сай жаңартылады.

         Айта кету керек, көбіне ел ішіндегі ірі қалалар мен Ресей Федерациясы арасында жолаушылар қатынаған әуежай өткен жылы 2 729 әуе рейсін қабылдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір