• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:02:46
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 NEWS

Өскемен қаласының әкімі уақытша қызметінен кетуге мәжбүр болды

Көлікті мас күйінде жүргізген адамның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болған.

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сот процесстері  аяқталғанша еңбек демалысына кететіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс.

"Құрметті өскемендіктер, жуықта болған жол-көлік оқиғасына байланысты көптеген материалдар жиналды. Мен жол апатына куә болдым, марқұмның туыстарына шын көңілмен қайғыра отырып көңіл айтамын. Осыған байланысты менің айналамда көптеген қаңқу сөздер тарай бастады.Мемлекет қызмет сапында жүргендіктен менің іс-әрекеттерім ең алдымен қоғамдағы сенімді күшейтуге бағытталуы тиіс. Сол себептен мен тергеу жұмыстары  кезеңінде жалақым сақталмайтын еңбек демалысына кету туралы шешімге келдім", - деді Қуат Тұмабаев.

Енді Өскемен қаласы әкімінің міндетін уақытша Ольга Булавкина атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 9 шамасында Риддер қаласында 1999 жылғы азаматты көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір