• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:22:29
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 NEWS

Осы уақытқа дейін болжамдары дәл келген көріпкел 2018 жылға болжам жасады

Ол келер жылды саяси және экологиялық дағдарыс жылы деп атады

Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жететінін және Ниццеде теракті болатынын айтқан британдық көріпкел Крейг Гамильтон-Паркер өз блогында 2018 жылға болжам жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол келер жылды саяси және экологиялық дағдарыс жылы деп атады.

Крейг Гамильтон-Паркердің болжамдары:

Террористер Еуропа астанасына химиялық қарумен шабуылдайды. Ол Лондон және Берлин болуы мүмкін.

Америкалық әскери кеме минамен немесе теракті садарынан суға батырылады.

Солтүстік Кореяда төңкеріс болып, Ким Чен Ынды халық биліктен кетіреді. Ол Қытайға қашуы мүмкін.

Бірнеше елде күшті жер сілкінісі болады.

Солтүстік Корея немесе террористік топ бастаған биологиялық соғыс нәтижесінде тұмау індеті жүреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір