• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:47:48
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 NEWS

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры тағайындалды

Әлішев Руслан Қанатханұлы 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.

Әлішев Руслан Қанатханұлы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әлішев Руслан Қанатханұлы 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.

Петропавл экономика және құқық колледжін, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін,

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004-2009 жылдардан ─ Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда бастаған.

2010-2013 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары (әлеуметтік мәселелер бойынша).

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы.

2014-2016 жылдары ─ «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

2016 жылғы қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір