• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:48:17
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

Оралдағы  15 жер теліміне аукцион өтпек

Мамыр айының аяғына қарай тағы бір аукцион өткізіп, 15 жер телімі ұсынылады деп күтіледі.

Бейсенбіде Орал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату бойынша кезекті аукцион өтті. Аукционға 10 жер телімі шығарылды.

Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Бисембалиевтың айтуынша, ҚР-ның Жер кодексінің 48-бабына сәйкес коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату аукцион арқылы жүргізіледі. Сатып алушылар жер телімін үш жыл ішінде мақсатты пайдалануы керек. Олай болмаған жағдайда, ҚР Жер кодексінің 92-інші және 94-баптарына сәйкес жер телімі кері қайтарылып алынады. Жалға алу құқығының үш жылдық мерзімі аяқталған соң кәсіпкер кадастрлық құнын қоса төлеп, жер телімін өз меншігіне аудара алады. Кезекті аукцион өткізілетіні жөнінде тиісті заңға сәйкес күнтізбелік 15 күн бұрын, яғни 11 сәуірде БАҚ-тарға хабарландыру берілді. Аукционға қатысуға 32 адам 53 өтініш берді. Сауда-саттыққа шығарылған жер телімдері Орал қаласында және қалаға іргелес Зашаған кентінде орналасқан. Ең үлкен жер телімінің аумағы 2 гектар, өзгелері әр түрлі аумақты құрайды.

– Аукционға шығарылған 10 жер телімінің 9-ы ғана өтті. Бір жер теліміне бір адам ғана өтініш бергендіктен, ол жер телімі заң бойынша аукционға шығарылмады. Тоғыз жер телімі жалдау құқығымен сатылып, одан 28 млн. 232 мың теңге түсті. Зашаған кентіндегі ең үлкен жер телімі 4 млн. 200 мың теңгеге өтті. Сондай-ақ осы аудандағы академик Қ. Жұмалиев атындағы көшедегі 0,15 гектар жер ең қымбат бағаға өтті, яғни 5 млн. 50 теңгені құрады, – деді Арман Бисембалиев. Оның айтуынша, өткен жылдан

бері үш аукцион, бір конкурс өткізілгені белгілі. Үш аукционда 17 жер телімі жалдау құқығымен сатылып, одан 72,3 млн. теңге түсті.

– Жер телімі жалдау құқығымен сатылатын аукциондардың өткізі-

луіне көңілім толады. Бәрі ашық, көз алдыңда. Әркім өзіне қажетті жер телімін жағдайына қарай сатып алады. Құрылысшы шағынауданындағы жер телімі 65 мың теңгеге ұсынылды, мен оны 3 млн. 645 мың теңгеге алдым, – дейді «Полиграфсервис» ЖШС-ның өкілі Дәурен Қайыров.

Мамыр айының аяғына қарай тағы бір аукцион өткізіп, 15 жер телімі ұсынылады деп күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір