• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:09:30
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2018 Аймақтар

Оралда өзге ұлт әскери қызметшілері  арасында  мемлекеттік тіл байқауы өтті

«Қазақтың болашағы – қазақ тілінде» деп қадап айтқан Елбасының сөзі құлақтарда ғана қалып қойған жоқ, жүректерге де жазылып қалды

 

«Қазақтың болашағы – қазақ тілінде» деп қадап айтқан Елбасының сөзі құлақтарда ғана  қалып қойған жоқ, жүректерге де жазылып қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.

Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Бұл жайында елбасымыз өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында,  сондай-ақ, ана тіліміздің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін Ұлттық ұланы  әскерлерінде көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді.

Осының айғағы ретінде, Оралдағы  5517 әскери бөлімінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген, өзге ұлт өкілдерінің әскери  қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауының  бірінші  кезеңі мәреге жетті.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған тіл додасында барлығы алты әскери қызметші бақ сынасып, қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергенін паш етті.

Байқауды әділ қазылар алқасының төрайымы: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналы редакциясының аға офицері запастағы подполковник Рыспаева Ботагөз Тойшыбекқызы ашып, өз сөзінде  «Елімізде мемлекеттік тілді дамытуға Елбасы баса назар аударып келеді. Сонымен қатар, мемлекетімізде қазақ тілімен қатар ресми тіл ретінде орыс тіліде пайдаланады. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп бекер айтылмаса керек. Себебі қазақ тілі ұлттарды бірлікке шақыратын тіл деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Байқау  сайысы үш кезенен тұрады және әрбір кезең алынған ұпайлар жүйесі бойынша бағаланды. Алғашқы «Бастау» айналымында әр қатысушы  өзі  және  қызмет орны мен ұжымы жайлы әңгімелеп,  көрерменге өзін етене таныстырып өтті

Ал, Өрлеу» деп аталған екінші айналымда  сайыскерлер қазақ халқының би, шешен, көсемдері, хандары мен батырларының рөлдерін сомдап, сахналық қойылымдар ұсынды.

«Баяндау» деп аталған үшінші айналымда байқауға қатысушылар берілген тақырыптар бойынша слайдтарды пайдалана отырып, баяндама жасады.

Қазылар алқасы бұл кезеңде сайыскерлердің ресми тұрғыда дұрыс сөйлей білуі, сөйлеу мәдениеті, музыкамен көркемдеуі, өз ойын мәнерлеп, толық жеткізе білуіне баса көңіл бөлгенін айта кеткен жөн.

Сайыскерлер арасынан шын мықтыны анықтау   үшін қаладан шақырылған әділ-қазылар құрамында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ганиева Света Қадырбайқызы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жанындағы Халық мәдени университетінің ректоры Меңдығалиев Шәміл Үмбетұлы, Орал  қалалық мәдени – ағарту бірлестігі директорының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғалиева Жанар Аманғалиқызы, 5517 әскери бөлімінің  әйелдер кеңесінің төрайымы, бөлімнің штаб аудармашысы кіші сержант Хусаинова Жанна Жұмабекқызы болды.

Сарапшылар алқасының қорытындысы бойынша, І орынды автобронетанкі мүлкі орталығы бастығы  капитан Александр Ершов жеңіп алды. ІІ орынды материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасы  байланыс взводының командирі лейтенант Иван Ефремов иеленді. Ал үшінші орынды 2 атқыштар ротасының бақылаушылар взводының бақылаушы маманы сержант Станислав Котенкоға бұйырды.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталып, ерекше өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Сайыс соңы  Орал қалалық жастар мәдени үйінің өнерпаздарының концертіне ұласты. 

Ал байқауда жеңіске жеткен капитан Александр Ершов  енді  әскери бөлімнің намысын өзге ұлт әскери қызметшілері арасында өтетін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 2-кезеңі байқауында қорғайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір