• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:06:49
Алматы
+35°

11 Шілде, 2018 Аймақтар

Оралда «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды

М.Горький атындағы кітапханада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды

Оралдағы қалалық М.Горький атындағы кітапханада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды.

Кабинеттің ашылуына Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, мәдениет мекемелерінің басшылары, ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517 әскери бөлімінің тіл мамандары қатысты.

 Аталмыш ашылған латын әліпбиі кабинетінде ұлттық алфавит, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері оқытылатын болады.Сондай-ақ, мұнда тек кітапхана қызметкерлері емес,  барлық қала тұрғындарымен қатар ұлттық ұланның  жеке құрамыда  да латын әліпбиіне үйрене алады.

  Салтанатты жиында М.Горький атындағы кітапхана директоры Гүлайым   Ақашаева, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл секторының  меңгерушісі Роза  Зайнуллина, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ  жанындағы халық мәдениеті университетінің ректоры Шамиль  Меңдіғалиев,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ тәрбие  және әлеуметтіқ-құқықтық басқармасының  офицері  капитан  Өміржан Ғабит сөз  сөйледі.

М.Горький атындағы кітапхана директоры Гүлайым   Ақашаеваның сөзіне қарағанда латын графикасын оқытуға арналған мұндай  кабинеттер  алдағы  уақытта облысымыздың аудандарындағы   барлық кітапханаларында ашылмақ.Ал, Батыс Қазақстан облысының кітапханасында мұндай   кабинеттің ашылуы – тарихи мәні бар оқиға.

-Біз тәуелсіздік алғанмен, жазуда тәуелсіздікке қолымыз жетпей жүрген еді. Ал, 2017 жылдың 26-қазанда Елбасы олқылықтың орнын толтырды. Енді жаңа әліпби үлгісі қабылданды.Бұрын екі тілде 76 әріп қолданып келсек, енді бір тілде 32 әріппен жазатын боламыз. Жаңадан ашылып жатқан  кабинеттің  латын тілін меңгеруде алар орыны ерекше – деді кабинеті  ашылу салтанатында Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл секторының  меңгерушісі Роза  Зайнуллина

Ал, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ  жанындағы халық мәдениеті университетінің ректоры Шамиль  Меңдіғалиев  өзінің осы графикаға ауысуды 2000 жылдан бері күтіп келгенін айтып, латын жазуының қазақты топтастыруы керектігін алға тартты.

-Біздің бірлігіміз, тірлігіміз мықты болуы керек. Осы жерде жастарға айтарым, латын жазуы – біздің болашағымыз. Сондықтан осы жазуды қазірден бастап үйренуге, жазуға шақырамын,- деді қоғам қайраткері.

-Латын әліпбиіне көшу – заман талабы, жаһандану үдерісіндегі өркениетке апарар жол. Латын — индустрия тілі, сондықтан латын қарпіне көшетін кезең нақ осы шақ, — деді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ тәрбие  және әлеуметтіқ-құқықтық басқармасының офицері  капитан  Өміржан Ғабит.

 Өз кезегінде кітапхана қызметкері  Гүлнұр Алғазы  латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңызын түсіндіріп, латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиімен таныстырды,  жаңа әліпбиде кездеспейтін «ц», «э», «ю» әріптерін латын таңбасымен қалай жазылатындығы, сондай-ақ компьютерде кирилицамен терген мәтінді автоматты түрде латын графикісіне аудару үшін конвертерді қолдану, қазіргі пернетақталардағы қазақ тіліне тән әріптерді латын графикасымен жазу үшін пернетақтада  қалай теру тәсілі туралы мәлімдеді.

 Шара  барысында көрермендер «Латын әліпбиі кабинетінде» қойылған 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген латын графикасы негізіндегі қазақстандық кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмесіне куә боп, латын графикасының жаңа нұсқасы бойынша өз аты-жөндерін жазысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір