• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:31:52
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 NEWS

Оралда көз жұмған әйелдің қызы барлық мән-жайды айтып берді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, қыздың ата-анасына оның бұрынғы күйеуі оқ атқан екен.

Надия Давлетшинаның айтуынша, күйеуі Рустам Давлетшинмен бірге сегіз жылдан бері бірге тұрмайды екен.

«Біз бірге тұрмағанмен, арамызда еш араздық болмай, бір-бірімізбен жақсы айырылысқан болатынбыз. Үйленгеннен соң бір жылдан кейін мен Оралға келіп ата-анаммен бірге тұрдым , Рустам Ақсайда өзінің анасымен қалған. Біздің Ильдар есімді жеті жастағы бір ұлымыз бар. Әкесі мен баласының араласып, сөйлесіп тұруына ешқашан да кедергі болмағанмын, ол баласын әр демалыста алып кететін. Ал соңғы демалыста ол баламды ұрлап кетті, оны тек үш аптадан кейін қайтарып ала алдық. Өзінің әрекетін «мектепте балаға бәрібір ешнәрсе де үйретпейді» деген сылтаумен түсіндірді», - дейді Надия.

Орал

Ол өткен түнде барлығы әдеттегі күндер секілді өтіп жатқанын айтты.

«Біз барлығымыз үйде жиналдық. Кешке қарай есікті біреу қағып, анам Есік ашуға кеткен. Ол бір ауыз сөз айтып үлгерместен атылған оқтың дауысы естілді. Барлығымыз есікке қарай жүгірдік, ал анам жерде қанға малынып жатты. Менің бұрынғы күйеуім қаруды әкеме тақап, екінші рет атты. Мен баламды алып әжетханаға тығылып қалдым. Өте қорқынышты болды, ешкімнің дауысы естілмеді, біраз уақыттан кейін сыртқа шығып қарасам, әкем жерде ауыр жарақаттанып жатыр екен, оның ішкі ағзалары сыртқа ақтарылып кеткен. Соған қарамастан әкем есікті жауып үлгеріпті», - деп көзіне жас ала айтады Надия.

«Мен қорыққанымнан не істерімді білмедім, ең алдымен жедел жәрдем мен полицияға хабарластым. Балам қорыққанына дірілдеп әрең тұрды. Көршілер менің бұрынғы күйеуім оқ атқаннан кейін қаруды жерге қойып, біреумен сөйлесіп, сосын кетіп қалғанын айтты. Ол баланы алып кетуге келді деп ойладым, себебі ол тастап кеткен сөмкенің ішінде баланың киімдері мен пышақ жатты. Не себепті мұндай қадамға барғанын түсінбедім, кеше ғана бізді соттың шешімімен ресми түрде ажырастырған еді және ол өзіміздің арамызда ғана болды, ал күйеуім сот отырысына келмеді», - дейді Надия.

Оның айтуынша, қылмыскерді полиция қызметкерлері бірнеше уақыттан кейін ұстап алған.

«Оны барынша қатаң жазалануын сұраймын, ешқашан да бостандыққа шықпаса екен», - дейді қыз.

Айта кетсек, Рустам Давлетшин еш жерде жұмыс істемеген және мүгедектер тізімінде болған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 мамыр күні сағат 20:00 шамасында Орал қаласы Құрылысшылар шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде атыс болған еді. Қылмыскер өзінің бұрынғы әйелінің ата-анасына оқ атып, әйел адам оқиға орнында көз жұмған, ал 56 жастағы ер адам жергілікті ауруханаға ауыр жарақатпен жеткізілген болатын. Оған 6 сағаттық ота жасалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір