• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:17:25
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 NEWS

Ресейдегі Киров лицейінде оқитын баланың әкесі мұғалім мен оның адвокатына жұдырық жұмсады. Болған жағдайды мұғалім видеоға түсіріп алған. Жағдайдың мән-жайын мектеп мұғалімінің адвокаты Антон Гладких айтып берді. Оның сөзінше, лицейде орыс тілінен сабақ беретін танысы одан көмек сұраған.

Мектеп директоры мұғалімді шақырып, оқушылардың бірінің анасы оның үстінен шағым түсіргенін айтқан. Полиция полковнигі баласының мұғалімін төмендетіп баға қоятынын және репетиторлық үшін ақша жымқырады деп айыптаған.

Адвокат пен мұғалім директор кабинетіне келгенде баланың анасы дөрекі сөйлеп, оларды балағаттаған.

Адвокат жала жабу бойынша сотқа арызданбақ ниетте. Мұны білген баланың анасы біреуге хабарласып, өзін балағаттап, үстінен қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытып жатыр деп шағымданған. Осыдан кейін кабинетке белгісіз ер адам кіріп келіп адвокатты ұра бастаған. Адвокаттың тісі сынды.

Мұғалім шабуылды видеоға түсіріп тұрғанын байқаған әлгі ер адам оның көзінен жұдырықпен ұрған.

Оқиға орнына дәрігерлер келіп, жәбірленушілерге көмек көрсетіп, алған жарақаттарын фотоға түсіріп алды. Адвокат баланың анасына жала жабу бойынша, ал ер адамға қол жұмсады деп шағым түсірмек.

Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір