• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:25:18
Алматы
+35°

02 Маусым, 2018 Саясат

ОҚО және Шымкент қаласының әкімдері қала тұрғындарына үндеу жолдады

"Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары",-делінген хабарламада.

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың қала тұрғындарына арналған үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші  мегаполисі атанды. Сіздерді осынау тарихи маңызды оқиғамен құттықтаймыз!Жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары",-делінген хабарламада.

Жансейіт Түймебаев

"Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті. Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы - бұл жаңалық Шымкент қаласын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әрбір қалалықтың өміріне жаңа серпін береді, оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл – сонымен қатар, біз үшін асқан жауапкершілік", - деп жазылған үндеуде.

Нұрлан Сауранбаев

Сонымен қатар, хабарламада әкімдер Шымкенттің келешекте үлгілі қалаға айналарына сенім білдірген.

"Мемлекет басшысы мұндай қалалар тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болуы тиіс деп көрсетті.Шымкент сондай қалаға айналады деп сенеміз. Себебі біздің қаламызда қонақжай, қайырымды, ең бастысы, еңбекқор халық тұрады. Біз бәріміз бірге Шымкентті Елбасы күткендей «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз қалаға айналдырамыз деп сенеміз. Шымкент жаңа идеялар халқымыздың дәстүрімен қатар дамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса жаңа технологияларға ұмтылатын тұрғындар қаласына айналады. Шымкент қаласының барлық тұрғынын осынау тарихи сәтпен құттықтаймыз! Баршаңызға бақыт пен молшылық тілейміз!". - деп айтылған үндеуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір