• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:12:09
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті

Азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді

Шымкентте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалы ағымдағы жылдың І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев өңірде алғаш рет өткізіліліп жатқан «Адал жол  - честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны жайлы айтты. Марафонға облыстың 15 аудан, қалалардағы әкім аппараттары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен және барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады. Қазіргі таңға марафонды Шардара, Мақтарал аудандар өткізіп, эстафетаны Сарыағаш ауданы алып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Аталған жоба аясында, белгілі әлеуметтік желілерде (Facebook, VK, Instagram және What's up, Telegram (8-775-869-21-21) және колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы жалпы саны 27 хат келіп түскен.

Брифингте облыстағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы, мемлекеттік қызметтің жай-күйі де назардан тыс қалмады.

Жаңа жүйе арқасында ауысу тәртібімен тағайындау 2000 жылдарға дейінгі жағдаймен салыстырғанда 58 есе азайған.

Меритократия қағидаты шеңберінде өткізілген конкурстар нәтижесінде 165 мемлекеттік қызметші төменгі лауазымдардан жоғары лауазымдарға тағайындалған.

2018 жылдың 1 тоқсанында 2991 тест тапсырған кандидаттың 1262-і (42,1%) тесттен өткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Тастеміров департамент бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалының директоры З.Қабылбекованың айтуынша, І тоқсанда жергілікті және аумақтық органдардан 343 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірді. Оның ішінде біліктілігін  арттырудан 239 қызметші, 104 адам қайта даярлаудан өткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір