• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:56:24
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 Аймақтар

ОҚО-ның мемлекеттік қызметшілері республикалық турнирде екінші орын иеленді

Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық волейболдан өткен турнир мәресіне жетті

Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық волейболдан өткен турнир мәресіне жетті.

14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының командалары арасынан ОҚО құрама командасы топ жарып, 3 күндік жарыс нәтижесінде ІІ орынды иеленді.

Спорттық жарыс мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына  20 жыл толуына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылды.

Аталған турнирде оңтүстік өңірінің намысын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті бастап, облыс әкімі аппаратының және оған бағынысты мекемелердің және аудандық мәслихаттардың, көліктік бақылау инспекциясының, облыстық соттар әкімшісінің қызметкерлері қорғады.

Сондай-ақ, белсенді қатысқаны үшін Шардара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Есалиев құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, спорттық іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтегі азаматтарды салауатты өмір салтына баулу, облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты арттыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесін атап өту болып табылады.

Жарыс қорытындысымен жеңімпаздарға медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір