«Баланың анасы дәл қазір менің жанымда. Ол анасы мен әпкесіне берген сенімxаттың күшін жойды. Сонда да бізді балаға жолатпай отыр. Анасы құқық қорғау органдарынан түсініксіз жағдайға жауап беруін сұрады. Бізге баланы бермей отырғандардың нақты кім екені белгісіз.Оларға бір емес бірнеше сұрақ қойдық, алайда жауап ала алмай отырмыз. Біз полицейлер мен прокурорларды шақырдық», — деді заңгер Азанов.
Араға біраз уақыт салып ана мен бала ақыры қауышты. Осы істің басы-қасында жүрген Аружан Сайын өзінің Facebook парақшасында жазғандай, іске Бас прокуратураның өкілдері араласқаннан кейін ғана әйелге өз ұлын қайтарып берген.
Пікір қалдыру
пікір