• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:31:35
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі 90 жылдық мерейтойын тойлады

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі 90 жылдық мерейтойын тойлады

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі 90 жылдық мерейтойын тойлады. Қазақтың біртуар азаматтары оқыған білім ошағының салтанатты жиынына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, көпшілікті аталған мерекемен құттықтады.

«Бұл мектеп 90 жылда талай шәкіртті қанаттандырып, үлкен өмірге ұшырып келді. Кеңес одағының батыры Бейсен Оңтаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекен Әбдіразақов, Дулат Исабеков, Садықбек Адамбеков, Қосжан Мүсірепов осы оқу ордасында білім алғанын біз мақтан етеміз. Алыптарды шығарған бұл білім ұясы, халқының қамын жейтін әлі талай ұрпақ тәрбиелейтініне бек сенімдімін», - деді Ж.Түймебаев.

Шара барысында өңір басшысы мен жазушы Д.Исабеков мектептің алдында бой көтерген қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы Ж.Жабаевтың ескерткішін салтанатты түрде ашып берді. Бұдан бөлек, 3 тілде жарық көрген «Алтын ұя» атты кітаптың тұсауын кесіп, өздерінің қолтаңбаларын қалдырды. Сондай-ақ, облыс әкімі аталған білім ұсында білім алып, өңіріміздің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды арнайы марапаттап, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, ғасырға жуық тарихы бар білім ошағында 2016 жылы облыстық бюджеттің есебінен 10 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда мұнда 54 ұлағатты ұстаз 430-дан астам оқушыға білім беріп келеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір