• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:15:21
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да Жеңіс мерекесінде 174 ардагерге ерекше құрмет көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 73 жылдық мерекесінде 174 соғыс ардагерге ерекше құрмет көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 73 жылдық  мерекесінде 174 соғыс ардагерге ерекше құрмет көрсетілді. Майдангерлерге облыс әкімінің құттықтау хаты жолданып, сый-сияпат көрсетілді.

Аймақтағы барлық соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша  100 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 240 500 теңге көлемінде ақша берілді. Ал тыл еңбеккерлеріне 12025 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленді.

Айта кетейік, облыстан екінші дүниежүзілік соғысқа 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері, 1 -і Халық қаһарманы  атанды.

Жалпы, өңірде соғыс ардагерлерінен бөлек  15733 тыл еңбеккеріне және 4885 екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендерге құрмет көрсетілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір